|
» Ең басты » Департамент туралы » Құрылым
Адамның адамгершілік-рухани даму бөлімі
Бастық
Черепанова Ольга Владимировна адамның адамгершілік-рухани даму бөлімінің бастығы.
Бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, негізгі бағыттарын, қызметінің нысандары мен әдістерін анықтайды, бөлімінің құзыреті шегінде міндеттердің тиесілі орындалуына дербес жауапкершілік атқарады.
Байланыс телефоны 50-03-08.
Мустафина Айгуль Сергеевна адамның адамгершілік-рухани даму бөлімінің бас маманы.
Балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау, адамгершілік-рухани дамуы мәселелері бойынша жергілікті атқару және басқа органдарымен, қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынас жасауға өз құзыреті шегінде ықпал етеді. Балалардың құқықтарын қорғау, адамгершілік-рухани дамуы мәселелері бойынша Департаменттің іс-шараларын дайындау және өткізу барысына қатысады. Балалардың құқықтарын қорғау, адамгершілік-рухани тәрбиелеу мәселелері бойынша мемлекеттік саясатын жүзеге асыру ақпараттық -түсіндіру және ағарту бойынша қызметті жүзеге асыру барысына, облыс балаларының жағдайы туралы ақпараттық-талдау материалдарын әзірлеу ықпал жасайды.
Байланыс телефоны 50-03-08.
Төренова Жұлдыз Амангелдіқызы адамның адамгершілік-рухани даму бөлімінің бас маманы.
Бала құқықтары бойынша, қоғамдық пікірді қалыптастыру және адамның рухани-адамгершілік дамуы саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған азаматтық бастамаларды қолдау бойынша тұрғындар арасында ақпараттық, консультативтік және ағартушылық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға жәрдемдесуге қатысады.
«Қоғамға қызмет ету» бағдарламасын, патриоттық тәрбие және салауатты өмір салтын қалыптастыру, еріктілер қозғалысын дамыту бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады.
Балалар мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің, балалар мен жастар әлеуметтік бастамаларының қызметін үйлестіреді. Балалар әлеуметтік бастамаларының мәліметтер базасын және ҮЕҰ мәліметтер базасын құру бойынша жұмыстар жүргізеді.
Байланыс телефоны 50-03-08.
|