Ең басты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті



қазақша | русский





Рассылка RSS на E-mail

rss2email


» Ең басты » Департамент туралы » Есептер

2011 жылғы Солтүстік Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат

Ү. ж. қаңтар айында департамент директорымен 2011 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілерімен қызмет этикасын сақтау мәселелері бойынша іс-шаралар Жоспары бекітілген. 2011 жылғы 8 сәуірде № 15 «Тәртіптік комиссия құру туралы» бұйрық шығарылды. Есеп беру мерзімде департаменттің тәртіптік комиссиясымен істер қаралған жоқ. Ар-намыс кодексін және қызметтік этикасын бұзу фактілері жөнінде департаменттің бақылау телефонына қоңырау шалынған жоқ.

«Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377 Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабына сәйкес облыстың білім беру және интернаттық мекемелерінде бекітілген жоспар бойынша тексеріс өткізілді.

Жеке бекітілген жоспарлар бойынша 2011 жылғы І жартыжылдығында 8 аппараттық оқу өткізілді, 11 тақырып қарастырылды, 12 құқықтық оқу өткізілді, онда 12 тақырып қарастырылды.

Ү. ж. 4 сәуірінде Департамент директорының жанында аппараттық кеңесте мемлекеттік қызметшілерімен Ар-намыс кодексін бұлжытпай орындау бойынша сұрақ қаралды. Көз жетерлік жерде мемлекеттік қызметшілер Ар-намыс кодексінің мәтіні және департамент әкімшілігі, бөлім бастықтарымен азаматтарды қабылдау кестесі орналастырылды. Департамент мемлекеттік қызметшілерінің табыстары жөнінде мәлімдемелерді дер кезінде тапсыруды ұйымдастыру бойынша жұмыс бабында кеңес өткізілді. Департаменттің барлық мемлекеттік қызметшілері табыстары жөнінде мәлімдемелерді мерзімнен кешіктірмей тапсырды.

Департаменттің барлық мамандары сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен өздерінің лауазымдық міндеттерін атқару барысында шек қою міндеттемелері қабылданды. Маусым айында «Бөбек» республикалық қайырымдылық қорынан көмек төлеу жағдайы жөнінде аппараттық кеңес өткізілді, қайырымдылық көмек алушылармен кездесулер өткізілді. Қаржы министрлігінің веб-порталын және департаменттің сайтын пайдалана отырып, электрондық мемлекеттік сатып алулар бекітілген жоспарға сәйкес өткізіледі. Деректер базасы жүргізіледі және ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің СҚО бойынша басқармасына жеке және заңды тұлғалар жөнінде 1-ОЛ нысандағы есеп беріледі. Тоқсан сайын тексерістер бойынша есеп тапсырылады.

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасына кадрлар мәселелері жөнінде ай сайын, тоқсан сайын есеп тапсырылды. Солтүстік Қазақстан облысының Тәртіптік кеңесіне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңын бұзғаны үшін тәртіптік жаза қолданған мемлекеттік қызметшілер жөнінде мәлімет тапсыру жұмысы жүргізіледі (анықталған жағдайда).

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру аймақтық орталығында 8 мемлекеттік қызметшілер қайта даярлаудан өтті және біліктілігін арттырды.

Ү.ж. мамыр айында департаменттің әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің аттестаттауы өткізілді.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында департаменттің «Сенім телефоны», әкімшілік мемлекеттік қызметшілер Ар-намыс кодексін және қызметтік этикасын бақылау телефон номерлері жарияланды.

Мамандарды жұмысқа қабылдау «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңымен бекітілген талаптарына сәйкес жүзеге асырылады, ҰҚК және құқықтық арнайы есеп органдарының жүргізілген тексерістерінен өткізіледі.

Осы атқарылып жатқан жұмыс департамент қызметіне, мемлекеттік функцияларды атқаратын лауазымдық тұлғаларға жариялық пен бақылау жасау үшін, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау үшін мемлекеттік органдардың лауазым тұлғалардың жауапкершіліктерін арттыруға, мемлекеттік құрылымдарға деген қоғамның сенімділігін нығайтуға бағытталған.

3.02.2012



Сенім телефоны | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті

Қазақстан: 2010 жылғы ЕҚЫҰ төрағасы

Unicef

Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық Үкіметі


Каталог интернет-ресурсов СКО+

© 2007—2012 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті
Сайтты өндеу
Веб-студия IVS