Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті
2011 жылғы Солтүстік Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат
Ү. ж. қаңтар айында департамент директорымен 2011 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілерімен қызмет этикасын сақтау мәселелері бойынша іс-шаралар Жоспары бекітілген. 2011 жылғы 8 сәуірде № 15 «Тәртіптік комиссия құру туралы» бұйрық шығарылды. Есеп беру мерзімде департаменттің тәртіптік комиссиясымен істер қаралған жоқ. Ар-намыс кодексін және қызметтік этикасын бұзу фактілері жөнінде департаменттің бақылау телефонына қоңырау шалынған жоқ.