|
» Ең басты » Хабарландыру
«Өзіңнен баста»
«Нұр Отан» ХДП қалалық филиалында «Өзіңнен баста» атты ұранмен «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының республикалық кең көлемді ақпараттық насихаттау акциясы басталды. Акцияның басты мақсаты — мемлекеттік органдар басшыларының, мемлекеттік қызметшілер түсімдерінің айқындығын қамтамасыз ету және халық жағынан оларға деген сенімді арттыру болып табылады.
Литвиненко Владимир Викторович — Солтүстік Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры. 2010 жылда тапқан табысы 1750392 теңгені құрады, Петропавл қаласында 2 бөлмелі пәтері, «Магистраль» гараж кооперативінде гаражы, 1996 жылы шығарылған Mersedes-Benz автомобилі бар.
Балтабаева Ғалия Қазистайқызы — Солтүстік Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары. 2010 жылда тапқан табысы 1567068 теңгені құрады, Петропавл қаласында 2 бөлмелі пәтері бар.
25.05.2011
|