Ең басты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті



қазақша | русский





Рассылка RSS на E-mail

rss2email


» Ең басты » Ақпараттық мәлімет базасы және жұмыс көрсеткіштері

Байқаулар

Әлеуметтік жобалар байқауы бойынша қазылар алқасы отырысының хаттамасы
Күн тәртібінде: Әллеуметтік-маңызды мәселелерді шешу бойынша жобалар байқауының жеңімпаздарын анықтау. Қазылар жеңімпаздарды анықтау шешімін қабылдады.

Әлеуметтік-маңызды мәселелерді шешу бойынша балалар жобалары байқауының қазылар алқасының жұмысы туралы ақпарат
ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен әлеуметтік-маңызды мәселелерді шешу бойынша балалар бастамаларының қоғамдық тыңдаулары өткізілді. Іс-шараның мақсаты — балаларды қаланың (селоның) қоғамдық өміріне және отбасында, мектепте, қоғамда олардың өміріне қатысты шешімдер қабылдауға қатыстыру саясатын жүзеге асыру болады.

«Ізгілік жасауға асығыңыз» бүктемелер байқауын өткізу туралы ақпарат

Байқауды өткізудің мақсаты — тәрбиелеу мәселелерін шешуде әлеуметтік жарнаманың рөлін арттыру, жалпы адамзат құндылықтары: адамгершілік, мейірімділік, жылы шырайлық, төзімділік, сұлулық және үндестік сезімдерін нығайтатын әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру жөнінде әлеуметтік шығармашылық арқылы өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу және әлеуметтік бағдардағы шығармашылық арқылы қазіргі заманғы қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешу.


Балалар, ата-аналар және ұстаздар арасында «Татулығы жарасқан отбасы» үздік отбасылық тәрбие тәжірибесінің слайдтық тұсаукесері байқауының
Байқаудың мақсаты: отбасылық құндылықтар, отбасылық тәрбие және салауатты өмір салтын насихаттау; отбасылық дәстүрлерді және ұрпақтар байланысын нығайту; авторлардың мүмкіндіктерін көрсету; үздік шығармашылық жұмыстардың авторын анықтау.

«Балаларға мейірімді мектеп» байқауын өткізу туралы ақпарат

2012 жылғы 5 наурызда «Дарын» лицейінде «Балаларға мейірімді мектеп» байқауы шеңберінде іс-шара өткізілді. Департаменттің бастауымен «Балаларға мейірімді мектеп» байқауы «Петропавл—  балаға мейірімді қала» жобасын жүзеге асыру аясында өткізіледі. Іс-шараға 0, 5 және 8-сынып оқушылары мен олардың аталары, әжелері, әкелері, аналары, студенттер—  аталған мектептің түлектері қатысты.


«Кітапхана — адамгершілік-рухани тәрбие орталығы» тақырыбында жобалар байқауын өткізу туралы ақпарат

2012 жылғы 24 ақпанда балалардың құқықтарын қорғау департаментімен «Кітапхана — адамгершілік-рухани тәрбие орталығы» тақырыбында жобалар байқауының қорытындысы өткізілді. Байқауға облыс аудандарының кітапханашыларының 30 астам жұмысы қатысты. Аталған байқаудың мақсаты — 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде, рухани құндылықтарды қалыптастыру бойынша кітапханалардың жұмысын белсендіру, рухани-адамгершілік тәрбие беру саласында кітапхалар қызметін жинақтау және тарату.


«Сен және сенің құқықтарың» республикалық онкүндігі шеңберінде, «Конвенцияның білімпаздары» тақырыбында электрондық викторинаның қорытындысын өткізу туралы ақпарат
Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен қатысушылардың құқықтық мәдениетін жоғарылату, әлеуметтік-құқықтық салада дұрыс бағыт таңдау білу және өмірінде өз бетімен құқықтары мен бостандықтарын қорғай білуді қалыптастыру мақсатында, «Конвенцияның білімпаздары» тақырыбында электронды викторина өткізілді.

«Балаларға мейірімді мектеп» байқауын өткізу туралы ақпарат

17 ақпанда «Балаларға мейірімді мектеп» байқауының қатысушылары Петропавл қаласы № 7 орта мектебінде «Отбасының бақыты» іс-шарасына қатысты. «Балаларға мейіріміді мектеп» байқауы департменттің бастамасымен «Петропавл — балаға мейірімді қала» жобасын жүзеге асыру аясында өткізіледі.


«Балаларға мейірімді мектеп» байқауын өткізу туралы ақпарат

Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бастамасы бойынша білім бөлімінің қолдауымен «Петропавл — балаға мейірімді қала» жобасын жүзеге асыру аясында, «Балаларға мейірімді мектеп» байқауы өткізіледі. Аталған байқауға Петропавл қаласының алты мектебі қатысты, байқау 2011-2012 оқу жылы өткізіледі.


«Ізгілік әлемі» үздік балалар шығармашылық жұмыстары байқауының қорытындысын өткізу туралы ақпарат

2012 жылғы 27 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Ізгілік әлемі» үздік балалар шығармашылығы байқауын өткізді. Қазылар алқасының құрамына СҚ БА және ПКҚДИ және «Жас дарын» өнер мектебінің оқытушылары, ОБЖШО әдіскері және «Вместе!» балалар баспасөз орталығының жас тілшісі және департамент мамандары енді.


«Конвенцияның білімпаздары» тақырыбында электрондық викторинаның ережесі
Осы ереже «Конвенцияның білімпаздары» тақырыбында электрондық викторинаның мақсаты мен міндеттерін, оны ұйымдастырып, өткізу тәртібін анықтайды.

«Балаларға мейірімді мектеп» байқауы бірінші кезеңінің қорытындысы
Байқау бірінші кезеңінің нәтижелерін бағалау критерийлері.


«Балаларға мейірімді мектеп» байқауы қазылар алқасының жұмысы туралы ақпарат

2011 жылғы 26 желтоқсанда «Петропавл — балаға мейірімді қала» жобасын жүзеге асыру аясында, Солтүстік Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментімен жарияланған «Балаларға мейірімді мектеп» байқауының бірінші кезеңінің қорытындысы өткізілді.


«Біздің ортақ үйіміз — Қазақстан» Республикалық сурет байқауының жеңімпаздары

2011 жылғы 30 қарашада Астана қаласында «Біздің ортақ үйіміз — Қазақстан» Республикалық сурет байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаздардың суреттері балалар суреттері альбомына енгізілді. Сурет конкурсының облыстық кезеңіне жалпы білім беретін және арнайы мектептердің, қосымша білім мекемелері оқушыларының, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар тәрбиеленушілерінің 150 астам жұмысы қатысты.


Алматы қаласында «Бөбек» ҰҒПБСО-нда өткен «Проза» республикалық шығармашылық студиясына қатысушылар

Алматы қаласында «Бөбек» ҰҒПБСО-нда өткен «Проза» республикалық шығармашылық студиясына қатысушылар.


«Біздің ортақ үйіміз — Қазақстан» атты республикалық балалардың сурет конкурсы облыстық іріктеу кезеңінің жеңімпаздарын құрметтеуді өткізу туралы ақпарат

2011 жылғы 7 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен «Біздің ортақ үйіміз — Қазақстан» атты республикалық балалардың сурет конкурсының облыстық іріктеу кезеңінің жеңімпаздарын құрметтеу рәсімі өткізілді. Іс-шараға іріктеу кезеңінің жеңімпаздары, олардың оқытушылары, департамент және БАҚ өкілдері қатысты.


«Денсаулыққа құқығы» бүктемелер байқауын өткізу туралы ақпарат

2011 жылғы 28 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментімен мектептер, лицейлер және колледждердің қатысушылары арасында «Денсаулыққа құқығы» атты бүктемелер байқауының қорытындысы өткізілді. Байқауға облыс орталығы мен Қызылжар, Есіл, Мамлют, Ғ. Мүсірепов атындағы, Шал ақын, Тайынша, Айыртау аудандары қатысушыларының 40 жуық жұмысы қатысты.


«Біздің ортақ үйіміз - Қазақстан» атты республикалық балалардың сурет конкурсына қатысушылардың үздік жұмыстарын анықтау бойынша қазылар жұмысы туралы ақпарат

2011 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен «Біздің ортақ үйіміз — Қазақстан» атты республикалық балалардың сурет конкурсының облыстық іріктеу кезеңінің қорытындысы өткізілді. Сурет байқауына жалпы білім беретін және арнайы мектептердің, қосымша білім мекемелері оқушыларының, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар тәрбиеленушілерінің 150 астам жұмысы қатысты.


«Бөбек» ҰҒПБСО-да өткен бейнелеу өнері саласында дарыны бар балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сурет өнері» шығармашылық студиясы туралы ақпарат

Мамырдың 29 бастап маусымның 4 дейін Алматы қаласында «Бөбек» ҰҒПБСО-нда бейнелеу өнері саласында дарыны бар аз қамтылған отбасылардың балалары мен жасөспірімдеріне арналған «Сурет өнері» шығармашылық студиясы өткізілді.


Ақпарат

Ең қабілетті және шығармашылық дамыған балаларды анықтау және оларды көпшілікке насихаттау мақсатында Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 2011 жылдың 30 мамырында «Северное сияние» балалар шығармашылығы фестивалінің.


«Өмір, мен сені сүйемін!» тақырыбында суреттер және коллаждар байқауының қорытындысы бойынша қазылар жұмысы туралы ақпарат

Балалардың құқықтарын қорғау депаратментімен кәмелетке толмағандардың өмірлік құндылықтарын қалыптастыру және өскелең ұрпақтың адамгершілік және рухани саулығын сақтау мәселесіне қоғамның назарын аударту мақсатында, мектептер, колледждер, лицейлердің қатысушылары арасында «Өмір, мен сені сүйемін!» суреттер және коллаждар байқауы өткізілді.


«Ізгілік жасауға асығыңыз» үнпарақтар мен бүктемелер байқауын өткізу туралы ақпарат

2011 жылғы 7 сәуірде Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Ізгілік жасауға асығыңыз» үнпарақтар мен бүктемелер байқауын өткізді. Жыл сайынғы «Көктемгі ізгілік аптасы» еріктілер акциясы қарсаңында облыс және қала білім ұйымдары арасында ұйымдастырылған байқаудың мақсаты — адамгершілік-рухани тәрбие мәселелеріне назар аударту және әлеуметтік бағыттағы шығармашылық арқылы қазіргі заманғы қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге ықпал ету.


Адамгершілік-рухани тәрбие бойынша аудио-өсиет байқауы қазылар алқасы отырысының хаттамасы
Күн тәртібінде: Адамгершілік-рухани тәрбие бойынша аудио-өсиет байқауының жеңімпаздарын анықтау. Қазылар жеңімпаздарды анықтау шешімін қабылдады.

Адамгершілік-рухани тәрбие бойынша аудио-өсиет байқауының қорытындысын шығаруда қазылар алқасының жұмысы туралы ақпарат

Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен адамгершілік-рухани білім бағдарламасын насихаттау мақсатында, «Өзін-өзі тану» пәні ұстаздары арасында аудио-өсиет байқауы өткізілді. Байқауға облыстың 8 ауданы мен қаладан 109 жұмыс келіп түсті. Департамент мамандары, СҚ БАПКҚДИ оқытушылары, бағдарламаны іске асыру бойынша тәжірибеде қызмет ететін ұстаздар құрамына енген қазылар алқасы 2011 жылғы 25 ақпанда байқаудың қорытындысын шығарды.


«Балалар үшін жасалған игілік» үздік балалар шығармашылығы байқауын өткізу туралы ақпарат

2011 жылғы 28 қаңтарда Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Балалар үшін жасалған игілік» үздік балалар шығармашылығы байқауын өткізді. Аталған жыл сайынғы байқаудың мақсаты-балалар арасында жалпы адамдық құндылықтарды насихаттау, сұлулық және үйлесімділік сезімдерін тәрбиелеу, үздік шығармашылық жұмыстардың авторларын анықтау.


Алматы қаласында «Бөбек» ҰҒПБСО-нда өткен «Биік ойлар аспаны» атты балалардың республикалық әдеби шығармашылығы фестиваліне қатысушылар

Алматы қаласында «Бөбек» ҰҒПБСО-нда өткен «Биік ойлар аспаны» атты балалардың республикалық әдеби шығармашылығы фестиваліне қатысушылар.


Алматы қаласында «Бөбек» ҰҒПБСО-нда өткен «Өзін-өзі тану әлемі» балалар, жасөспірімдер және студент жастардың көркем шығармашылығы фестиваліне қатысушылар

Алматы қаласында «Бөбек» ҰҒПБСО-нда өткен «Өзін-өзі тану әлемі» балалар, жасөспірімдер және студент жастардың көркем шығармашылығы фестиваліне қатысушылар.


«Барлық әлем мен үшін!» тақырыбында шығарма байқауын өткізу туралы ақпарат
Департаментпен ағымдағы жылдың қараша айында Бүкіләлемдік балалар күні қарсаңында «Барлық әлем мен үшін!» тақырыбында шығарма байқауы өткізілді. Байқау тұлғаның қазіргі заманға лайықты үйлесімді дамуын тәрбиелеу, балалардың әрқайсысының өз елінің ажырамас бір бөлшегі екенін ұғындыру, ұлттық мәдениетке және отансүйгіштікке, рухани және адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында өткізілді.

«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының Адамның үйлесімді даму институтымен өткізілген сырттай республикалық байқаулар жеңімпаздарының тізімі
«Жер шары — ортақ үйіміз» республикалық сырттай байқауы, «Қол ұстасайық, достар!» республикалық сырттай плакаттар байқауы, «Бұл әлем қандай тамаша!» республикалық сырттай жас фотосуретшілер байқауы.

«Досымды есірткіден сақтандыру үшін не айтар едім» ашық хаттар байқауы қазылар жұмысына қатысу туралы ақпарат

«Достық» жазғы сауықтыру лагерінде Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының орталығы ұйымдастырған «Досымды есірткіден сақтандыру үшін не айтар едім» ашық хаттар байқауының қорытындысы жасалды. Қазылар жұмысына департамент, наркологиялық орталық, салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының орталығы мамандары қатысты.


«Астана — Елбасы деп соққан жүрегі» республиқалық балалар суретінің байқауының жүлдегерлерін марапаттау туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Астанасының күні — мемлекеттік мерекесінің қарсаңында «Астана — Елбасы деп соққан жүрегі!» атты республикалық балалар суреті байқаудың жүлдегерлерін марапаттау өтті. Марапаттауға мұғалімдер және жүлдегерлердің ата-аналары қатысты.


«Сәлем, жаз — балалық шақ мерекесі» атты өткізілген республикалық сурет байқауы туралы ақпарат

Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Сәлем, жаз — балалық шақ мерекесі» атты өткізілген республикалық сурет байқауын өткізді.


«Астана — Елбасы деп соққан жүрегі» облыстық іріктеу балалар суретінің байқауын өткізу туралы Ақпарат

«Астана — Елбасы деп соққан жүрегі» республикалық балалар суретінің ережесіне сәйкес Балалардың құқықтарын қорғау департаменті облыстық іріктеу балалар суретінің байқауын ұйымдастырды және өткізді.


«Отбасы және жалпы адамгершілік құндылықтар», «Баланың денсаулығын сақтау құқығы» атты әлеуметтік роликтер байқауын өткізу туралы Ақпарат

СҚО балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Отбасы және жалпы адамгершілік құндылықтары», «Баланың денсаулығын сақтау құқығы» атты әлеуметтік роликтер байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, балалардың құқықтарын қорғау және іске асыру проблемарына назар аудару, өзекті әлеуметтік проблемаларды шешуде әлеуметтік жарнаманың ролін арттыру, балалар мен жасөспірімдердің мүмкіндіктерін көрсету, ең үздік шығармашылық жұмыстардың авторларын айқындау.


«Балаларға көркем және жылы шырайлы мектеп-интернаты» тақырыбында өткен байқаудың қортындысы

Солтүстік Қазақстан облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті интернаттық білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілері арасында «Балаларға көркем және жылы шырайлы мектеп-интернаты» тақырыбында байқау өтті.


«Біздің әлем» байқауын сырттай өткізу туралы

2009 жылдың 24 сәуірінде «Біздің әлем» сырттай фотоконкурсының қатысушылары мен жеңімпаздарын марапаттау өткізілді.


«Тан Шолпан — 2009» республикалық балалар би конкурсының облыстық турының өткізілгені бойынша Ақпарат

Солтүстік Қазақстан облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті 2009 жылы сәуірдің 24-і «Тан Шолпан — 2009» республикалық балалар би конкурсының облыстық туры өткізілді. Конкурсқа жетім — балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты би ұжымы, жетім — балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған Айыртау мектеп-интернаты, жетім-балаларға арналған Шөптікөл (түзету) мектеп-интернаты қатысты. Барлығы — 35 адам.


«Біздің әлем» байқауын сырттай өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 19 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жұмыс жоспарының және негізгі іс-шаралар жүйелік кестесінің 106 тармағына сәйкес, сонымен қатар жетім балалар және ата-ананың қамқорынсыз қалған балалар арасынан неғұрлым қабілетті, творчестволық дамыған және кәсіби преспективалы балаларды айқындау мақсатында 2009 жылғы 2 ақпаннан 10 сәуірге дейін Солтүстік Қазақстан облысының балалар құқықтарын қорғау департаменті «Біздің әлем» фотоконкурсын өткізді.


«Отбасы — көзбе-көз» ата-аналар жиналысының әдістемелік дайындықтардың конкурсы туралы қағида
Мақсаты: отбасылық тәрбиелеудің үздік тәжірибесін анықтау, тарату және нәсихаттау; қызметін шығармашылық түрде атқаратын тәрбие жұмысы бойынша дарынды директорлардың орынбасарларды және жоғары кәсіби деңгейі бар мұғалімдерді анықтау; отбасылық тәрбиелеудің маңыздылығына қоғамдығының назарын тарту; отбасылық тәрбиелеу ісінде халықтардың адамгершілік, мәдени дәстүрлерді сақтандыру және көбейту.

СҚО білім мекемелерінің арасында «Ең жақсы веб-сайт» конкурсының Ережесі
Байқауды ұйымдастырушы: Солтүстік-Қазақстан облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті IVS Веб-студия қолдауымен. Байқаудың негізгі міндеттері: білім мекемелерінің тәжірибесін жинақтау, оқушылардың шығармашылық белсендіктерін арттыру, ақпараттық — коммуникациялық технологияларына қызықтыруын арттыру және бірыңғай дүниежүзілік білім-ақпараттық кеңістікке кіруі.

«Біздің әлем» байқауын сырттай өткізу туралы Ереже
Солтүстік Қазақстан облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті облыстағы интернаттық мекемелер арасында «Біздің әлем» тақырыбында сырттай фотоконкурсын өткізеді. Фото байқаудың мақсаты мен міндеті. Мақсаты: интернаттық мекемелер балалары арасында көркемөнерін насихаттау; интернаттың өмірі мен қызметін фотосуретте бейнеленуі; балалардың қоғамдық белсенділігі және шығармашылық дамуы; интернаттың қызметі мен өмірі туралы тарихи мәлімет жиналуы.

Сенім телефоны | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті

Қазақстан: 2010 жылғы ЕҚЫҰ төрағасы

Unicef

Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық Үкіметі


Каталог интернет-ресурсов СКО+

© 2007—2012 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті
Сайтты өндеу
Веб-студия IVS