Ең басты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті



қазақша | русский





Рассылка RSS на E-mail

rss2email




» Ең басты » Ақпараттық мәлімет базасы және жұмыс көрсеткіштері

Еріктілік

«Жеңістің мұрагерлері — жеңімпаздарға» акциясы шеңберінде, еріктілермен іс-шара өткізу туралы ақпарат

2012 жылғы 10 мамырда балалардың құқықтарын қорғау департаментімен Ұлы Отан соғысындағы Жеңстің 67-жылдығына арналған «Жеңстің мұрагерлері — жеңімпаздарға» акциясының шеңберінде, қайырымдылық іс-шара өткізілді. Департаменттің мамандары мен еріктілері соғыс және тыл ардагерлерін аталған жарқын мерекемен құттықтады. Осы атаулы күні ардагерлерге ризашылық сөздері айтылды, оларға құттықтау хаттары, сыйлықтар мен гүлдер табысталды.


«Жеңістің мұрагерлері — жеңімпаздарға» акциясы шеңберінде еріктілермен іс-шара өткізу туралы ақпарат

2012 жылғы 4 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің еріктілерімен «Есіл су» ЖШС соғыс және тыл ардагерлеріне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шара Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 67-жылдығына арналған «Жеңістің мұрагерлері — жеңімпаздарға» акциясының шеңберінде өткізілді.


«Көктемгі ізгілік аптасы» акциясының қорытындысы бойынша пресс-конференция өткізу туралы ақпарат

2012 жылғы сәуірдің 9 бастап 15 дейін Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен «Балаларға көктем шуағын сыйла» Республикалық марафоны шеңберінде, «Көктемгі ізгілік аптасы» дәстүрлі еріктілер акциясы өткізілді. «Көктемгі ізгілік аптасы» акциясына облыс аудандары мен қала мектептері және колледждері және лицейлері, Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «ДЖЕМ» педагогикалық отряды, «СҚО белсенді жастары» ЗТБ-нің 7 000 астам еріктілері қатысты.


«Балаларға көктем шуағын сыйла» республикалық марафоны шеңберінде, «Көктемгі ізгілік аптасы» дәстүрлі еріктілер акциясын өткізу туралы ақпарат

2012 жылғы сәуірдің 9 бастап 15 дейін Солтүстік Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментімен «Балаларға көктем шуағын сыйла» республикалық марафоны шеңберінде, «Көктемгі ізгілік аптасы» дәстүрлі еріктілер акциясы өткізілді. «Көктемгі ізгілік аптасы» акциясын өткізуге облыстың 7 ауданы және Петропавл қаласынан 98 мектеп, 4 кәсіби лицей, 3 колледж, «СҚО белсенді жастары» және «СҚО жастар ұйымдарының одағы» жастар қоғамдық бірлестіктері, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ «ДЖЕМ» педагогикалық отрядының еріктілері қатысты.


«Балаларға көктем шуағын сыйла» республикалық марафоны шеңберінде, жәрмеңке-сату өткізу туралы ақпарат

2012 жылғы сәуірдің 9 бастап 15 дейін өткізілетін «Балаларға көктем шуағын сыйла» республикалық марафоны және «Көктемгі ізгілік аптасы» дәстүрлі еріктілер акциясы шеңберінде, 10 сәуірде балалардың құқықтарын қорғау департаментінің еріктілерімен жәрмеңке-сату өткізілді.


«Балаларға көктем шуағын сыйла» республикалық марафоны шеңберінде «Көктемгі ізгілік аптасы» акциясын өткізу туралы ақпарат

2012 жылғы сәуірдің 9 бастап 15 дейін Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департментімен «Балаларға көктем шуағын сыйла» республикалық марафоны шеңберінде, «Көктемгі ізгілік аптасы» атты дәстүрлі еріктілер акциясы өткізіледі. Іс-шараның мақсаты — еріктілер тәжірибесін жария ету, әлеуметтік практикаға жастарды тарту және әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасында серіктестікті нығайту.


Еріктілер клубының отырысын өткізу туралы ақпарат

2012 жылғы 29 наурызда Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандарымен Еріктілер клубының отырысы өткізілді. Отырыстың жұмысына департаменттің мамандары мен еріктілері және М. Қозыбаев атындағы СҚМУ «Джем» ұстаздар отрядының өкілдері қатысты.


Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті жанында Еріктілер клубының отырысын өткізу туралы ақпарат

2012 жылғы 26 қаңтарда балалардың құқықтарын қорғау департаменті жанында Еріктілер клубының отырысы өткізілді. Оған 20 астам ерікті қатысты. Отырыс барысында 2011 жылғы Клуб қызметінің қорытындысы талқыланды және 2012 жылға Клубтың жұмыс жоспары бекітілді. Еріктілермен дәстүрлі іс-шаралар — акцияларды өткізу жөнінде ұсыныстар енгізілді.


2012 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті жанындағы Еріктілер клубы қызметінің жоспары
2012 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті жанындағы Еріктілер клубы қызметінің жоспары

Еріктілік қызметті ұйымдастыру бойынша материалдар
«Еріктілік» — әлеуметтік маңызды мақсаттарға жетуге, бірлестіктің мәселелерін шешуге бағытталған тегін, саналы, ерікті қызмет. Өзінің бос уақытын ерікті еңбекке арнайтын, сондай-ақ жауапкершілік сезімі бар кез келген адам ерікті бола алады. 2001 жылғы қаңтарда қабылданған Дүниежүзілік Еріктілік Декларациясында (Еріктілер жылында) еріктілік — азаматтық қоғамның негізі екендігі атап көрсетіледі.


«Біз біргеміз!» облыстық еріктілер слетін өткізу туралы ақпарат

Солтүстік Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті 2011 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған, «Біз біргеміз!» облыстық еріктілер слетін өткізді. Слеттің негізгі мақсаты — еріктілер қызметіне балалардың, қауымның, бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударту, еріктілер қозғалысын кеңінен тарату.


Департамент жанында Еріктілер клубының отырысын өткізу туралы ақпарат

2011 жылғы 13 қазанда Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен Еріктілер клубының отырысы өткізілді. Отырысқа департаменттің мамандары, облыстық қан орталығы, еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйде қызмет көрсету бөлімшесі, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы, баспананың өкілдері, клубтың еріктілері қатысты (барлығы 27 адам).


Департамент жанында Еріктілер клубының отырысын өткізу туралы ақпарат

2011 жылғы 17 тамызда балалардың құқықтарын қорғау департаменті жанында Еріктілер клубының отырысы өткізілді. Отырыстың жұмысына департамент мамандары мен клубтың еріктілері қатысты. Отырыс барысында адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы сөз сөйледі.


«Жеңістің мұрагерлері — жеңімпаздарға» акциясын өткізу туралы ақпарат

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында, 2011 жылғы мамырдың 1 бастап 9 дейін Солтүстік Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бастамасымен «Жеңістің мұрагерлері — жеңімпаздарға» акциясы өткізілді. Акцияға қала және облыс аудандары мектептерінің еріктілері қатысты, барлығы 2000 астам адам.


Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Еріктілері клубының отырысын өткізу туралы ақпарат

2011 жылғы 5 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті жанында Еріктілер клубының отырысы өткізілді. Отырыстың жұмысына департаменттің еріктілері (Петропавл қаласы № 26, № 21, № 32 орта мектептері, М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж, темір жол көлігі, экономика және юриспруденция колледждері) қатысты.


«Көктемгі ізгілік аптасы» акциясының қорытындысы бойынша пресс-конференция өткізу туралы ақпарат

2011 жылғы сәуірдің 18 бастап 25 дейін Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бастамасымен «Көктемгі ізгілік аптасы» дәстүрлі еріктілер акциясы өтізілді. Акция қарсаңында «Ізгілік жасауға асығыңыз» үнпарақтар мен бүктемелер байқауы өткізілді. «Көктемгі ізгілік аптасы» акциясына облыс аудандары мен қала мектептері және колледждерінің 6000 астам еріктілері қатысты.


Солтүстік Қазақстан облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті жанында Еріктілер клубы отырысының өткізілуі туралы ақпарат

2011 жылғы 20 қаңтарда СҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті жанында Еріктілер клубының отырысы өткізілді. Отырыстың жұмысына департаменттің Еріктілер клубының құрамына енетін еріктілер, Бейбітшілік Корпусының өкілі, департаменттің мамандары қатысты. Кездесудің қатысушыларымен 2010 жылы Клуб жұмысының қорытындылары талқыланды: еріктілермен салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттауға, қиын өмірлік жағдайға тап болған балалардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді.


«Еріктілер лагері 2010» жұмысына қатысу туралы ақпарат

Еріктілер қызметін ұйымдастыруда тәжірибе алмасу, балаларға арналған іс-шаралар өткізуде үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынасты орнықтыру мақсатында, 2010 жылғы 11-13 қарашада департамент маманы Бурабай демалыс аймағында өткен «Еріктілер лагері 2010» жұмысына қатысты. Лагерьдің ұйымдастырушылары ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ, Қазақстандағы БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы, Ұлттық волонтерлік желі және серіктесі АҚШ Бейбітшілік Корпусы.


«Азаматтық қоғамның дамуында еріктіліктің рөлі» тақырыбында өткен семинар-тернингке қатысу туралы ақпарат

Департамент мамандары «Солтүстік Қазақстан облысы еріктілер клубы» жастар қоғамдық бірлестігі — департамент еріктілерімен ұйымдастырылған «Азаматтық қоғамның дамуында еріктіліктің рөлі» тақырыбында өткен семинар-тернингке қатысты. Іс-шараның мақсаты: жастарды еріктілер қызметінің машықтарына үйрету.


«Салауатты өмір салтын қалыптастыруда еріктіліктің рөлі» тақырыбында семинар-тренингке қатысу туралы ақпарат

2010 жылғы 17 маусымда Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру және алдын алу орталығының қолдауымен «СҚО еріктілер клубы» жастар қоғамдық бірлестігімен «Салауатты өмір салтын қалыптастыруда еріктіліктің рөлі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.


«НұрОтан» халықтық демократиялық партиясының пресс-конференциясына қатысу туралы ақпарат

2010 жылдың 11 мамырында «НұрОтан» халықтық демократиялық партиясы Солтүстік Қазақстандағы филиалының мәжіліс залында «Көктемгі ізгілік аптасы» мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық көмек көрсету аптасының басталуы туралы пресс-конференция өтті.


Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау және бейімдеу орталығында «Қайырымдылық аптасы» акциясын өткізу туралы ақпарат

2010 жылдың 20 сәуірінде кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау және бейімдеу орталығында «Көктемгі ізгілік аптасы» акциясын өткізу аясында, мекеменің тәрбиеленулері арасында спорттық іс-шаралар өткізілді.


Еріктілермен өткен қездесу туралы ақпарат

Департаметтің балалар қоғамдық қабылдау бөлмесінде қаланың еріктілер қозғалысының өкілдерімен қездесу өтті. Кездесуге департаменттің, «Салауатті өмір салты» орталықтың мамандары және М. Жұмабаев атындағы колледждің оқушылары қатысты. Қездесу барысында бірлесіп атқаратын жұмыстардың негізгі бағыттары талқыланды. «Салауатті өмір салты» орталығының маманы Бүкіл әлемдік тамақтану күніне арналған онкүндіктің шеңберінде дұрыс тамақтану бойынша ақпарат кампаниясын откізу үшін үлестірмелі құраларды таратты.


Колледж оқушылары арасында еріктілік қозғалыс жөнінде ақпараттық — түсіндіру жұмыстары жөнінде АҚПАРАТ
Солтүстік Қазақстан облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті ұйымдастырған, «Еріктілер клубына» ерікті — еріктілерді қатыстыру бойынша жұмыс қайта басталды. М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж оқушы — еріктілермен бірлесе Петропавл қаласының колледж оқушылары арасында ақпараттық — түсіндіру жұмыс жүргізілді, 2008—2009 жылғы еріктілер клубының қызметі жөнінде ақпарат тапсырылған.

Көктемдегі жақсы іс апталығы
Солтүстік Қазақстан облысының Балалар құқықтарын қорғау департаменті мен Солтүстік Қазақстан облысының білім беру басқармасының қолдауымен, «СҚО еріктілер клубы» жастар қоғамдық бірлестігінің және «Жас Отан» жастар тобының катысуымен «Көктемдегі жақсы іс апталығы» акциясы ұйымдастырылды. Қалалық № 21 орта мектебінің, М. Жұмабаев атындағы ауданының Полудин орта мектебінің, Шал ақын ауданының Ступинка орта мектебінің, М. Жұмабаев атындағы колледждің және СҚМУ еріктілері қатысты. Мүмкіндіктері шектеулі балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, облыстық балалар ауруханысында, «Солнечный» профилакторийінде жатқан балалар, № 2 коррекциялык мектеп-интернатының оқушылары, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығындағы тәрбиеленушілері, Балалар үйінің кішкентай бөбектері, ЕС-164/6 мекемесінің тәрбиеленушілері, соғыс және еңбек ардагерлері–осылардың бәріне еріктілер қамқорлық жасап, ерекше көңіл бөлінді.

Еріктілермен өткен қездесу туралы ақпарат

2009 жылғы 10-сәуірде департаметтің балалар қоғамдық қабылдау бөлмесінде қаланың еріктілер қозғалысының өкілдері мен қездесу өтті. Кездесуге қалалық № 21 меқтептің, «БЭСТ» гимназиясының, М. Жұмабаев атындағы колледждің оқушылары, СҚМУ студентері, жастар қоғамдық бірлестігінің «СҚО еріктіліктер клубы» және «Жас Отан» жастар тобының өкілдері қатысты. Кездесуге қатысушылар СҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің және білім басқармасының «Жақсы іс апталығы» көктемдегі акцияны өткізуді қолдап, акцияға байланысты мәселер талқыланды.

Сенім телефоны | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті

Қазақстан: 2010 жылғы ЕҚЫҰ төрағасы

Unicef

Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық Үкіметі


Каталог интернет-ресурсов СКО+

© 2007—2012 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті
Сайтты өндеу
Веб-студия IVS