Ең басты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті



қазақша | русский





Рассылка RSS на E-mail

rss2email


Жаңалықтар



Сәуір

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп-интернатында «Қуан, сәби!» акиясын өткізу туралы ақпарат
Жетім балалардың санын азайту мақсатында 2010 жылдың маусым айынан бастап Білім және ғылым Министрлігінің және балалардың құқығын қорғау департаментінің бастауы бойынша Республикамыздың барлық аймақтарында «Қуан,сәби!» акциясы өткізіледі. Біздің мектеп-интернатында «Қуан, сәби!» іс-шарасы үш айда бір рет өткізіліп отырылады.


Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөнінде одағының Х көшпелі отырысының мүшелері және Солтүстік Қазақстан облысы балалар ұйымдарының лидерлерімен кездесу өткізу туралы ақпарат
2012 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөнінде кеңестің көшпелі отырысының қатысушылары: «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымының Одағы» қоғамдық бірлестігінің предиденті — Дмитриенко Елена Александровна және «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестіктің Төрайымы — Болдурукова Нәзира Болатқызының Солтүстік Қазақстан облысының балалар мен жастар ұйымдарының лидерлерімен кездесуі өтті.

Облыстық балала үйінің өзін-өзі тану кабинеті
Облыстық балала үйінің өзін-өзі тану кабинеті.

3.04.2012 | Еріктілік
Еріктілер клубының отырысын өткізу туралы ақпарат
2012 жылғы 29 наурызда Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандарымен Еріктілер клубының отырысы өткізілді. Отырыстың жұмысына департаменттің мамандары мен еріктілері және М. Қозыбаев атындағы СҚМУ «Джем» ұстаздар отрядының өкілдері қатысты.


Солтүстік Қазақстан облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің 2012 жылғы II тоқсанның іс-шаралар жұмысының Жоспары
Солтүстік Қазақстан облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің 2012 жылғы II тоқсанның іс-шаралар жұмысының Жоспары

3.04.2012 | Ережелер
«Ғажайып әлем» коллаждар мен фотосуреттер байқауын өткізудің Ережесі
Осы ереже «Ғажайып әлем» тақырыбында коллаждар және фотосуреттер байқауын өткізудің мақсаттары, міндеттері, тәртібі мен мерзімін анықтайды.

Кәмелетке толмағандарды бейімдендіру орталығының тәрбиеленушілері арасында сауалнама жүргізуге қатысу туралы ақпарат
2012 жылдың 28 наурызында Аймақтық жаңа ақпараттық технологиялар орталығының өкілімен бірлесіп, КТБО тәрбиеленушілері арасында соның ішінде балалар саудасының құрбандарын анықтау мәніне сауалнама жүргізілді. Балалармен сауалнама жүргізу Аймақтық жаңа ақпараттық технологиялар орталығы мен СҚО кәмелетке толмағандарды бейімдендіру орталығы арасында жасалған меморандум шеңберінде өткізіледі. Тәрбиеленушілермен сауалнама өткізу 5 ай ағымында жоспарлануда.


2.04.2012 | Байқаулар
Балалар, ата-аналар және ұстаздар арасында «Татулығы жарасқан отбасы» үздік отбасылық тәрбие тәжірибесінің слайдтық тұсаукесері байқауының
Байқаудың мақсаты: отбасылық құндылықтар, отбасылық тәрбие және салауатты өмір салтын насихаттау; отбасылық дәстүрлерді және ұрпақтар байланысын нығайту; авторлардың мүмкіндіктерін көрсету; үздік шығармашылық жұмыстардың авторын анықтау.

«Мөлдір бұлақтан» отбасылық шығармашылық фестиваліне дайындалу және өткізу бойынша іс-шаралар жоспары
«Мөлдір бұлақтан» отбасылық шығармашылық фестиваліне дайындалу және өткізу бойынша іс-шаралар жоспары

«Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізу туралы ақпарат
Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті ағымдағы жылдың 4 сәуірінде қамқорлыққа алу және қорғаншылық органдарының мамандарымен, жетім балалар мен ата-анасынығң қамқорлығыныз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтарымен «Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізді. «Дөңгелек үстелдің» модераторы департаменттің директоры В.В. Литвиненко болды.


5.04.2012 | Ережелер
«Мөлдір бұлақтан...» атты тақырыпта өткізілетін отбасылық шығармашылық фестивалдің Ережесі
Осы Ереже Халықаралық отбасы күніне (15 мамыр) орай өткізілетін өңірлік отбасы шығармашылығының тәртібі мен шарттарын анықтайды.

«Балаларға мейірімді мектеп» байқауын өткізу туралы ақпарат
4 сәуірде Әл-Фараби атындағы мектеп-лицейде «Балаларға мейірімді мектеп» байқауының шеңберінде іс-шара өткізілді. Департаменттің бастамасымен «Балаларға мейірімді мектеп» байқауы «Балаға мейірімді қала» жобасын жүзеге асыру аясында өткізіледі. Іс-шараға оқушылар, ата-аналар мен ұстаздар қатысты.


«Арман» бөбекжай — бақшасы Петропавл қаласы
«Арман» бөбекжай — бақшасы Петропавл қаласы.

«Бөбек» қайырымдылық қорына — 20 жыл
— Еліміздің бірінші ханымы Сара Назарбаеваның бастамасымен жасөспірімдер үйлері құрылып, балалар ауылдары өз жұмыстарын бастады, сәбилер үйлерінде «Үміт» бөлімдері ашылып, білім беру бағдарламасына «Өзін-өзі тану» жобасы енгізілді. Елімізде алғашқы болып Солтүстік Қазақстан облысында жасөспірімдер үйлері ащылған болатын Кейін, біздің үлгіміз бойынша басқа өңірлерде де осындай жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер ашылды.

9.04.2012 | Байқаулар
«Ізгілік жасауға асығыңыз» бүктемелер байқауын өткізу туралы ақпарат
Байқауды өткізудің мақсаты — тәрбиелеу мәселелерін шешуде әлеуметтік жарнаманың рөлін арттыру, жалпы адамзат құндылықтары: адамгершілік, мейірімділік, жылы шырайлық, төзімділік, сұлулық және үндестік сезімдерін нығайтатын әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру жөнінде әлеуметтік шығармашылық арқылы өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу және әлеуметтік бағдардағы шығармашылық арқылы қазіргі заманғы қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешу.


КТБО тәрбиешілеріне фильм көрсету және ұйым туралы ақпарат
КТБО қызметін үйлестіруге жүзеге асыруға Солтүстік Қазақстан облысының балалардың құқығын қорғау Департаментімен бірлескен іс-шара жоспарымен Орталықтың тәрбиеленушілеріне «Қазақстан» кинотеатрында «Болашақ үшін» көркем фильмын көсету ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның мақсаты Орталықта орналасқан балаларға патриоттық сезім тәрбиелеу, өз бетінше жетілу, бейімделу, ой-өрісін дамыту.

Өнертапқыш мұражайына бару туралы Ақпарат
Көктемгі демалыс уақытына бірлескен жоспар бойынша эстетикалық дәмнің келуін, рухани даму мақсатында Орталықтың тәрбиеленушілері өнертапқыш мұражайын аралады. Экскурсияны жүргізуші Галина Петровна Епихина балаларға төр бөлмелерді аралатты, «Жылқы және қайта өрлеу» көрмесі, Ботай бұрышының орналастырылуы, Сергей Устинов «Ұлы жер туралы аңыздар мен мысалдар» көрмесі, Л. Прусс қолжазбасының қызметтік көрмесі, «Пасхальдық қуаныш» қолданбалы қызметкерлік өнер көрмесі көрсетілді.


11.04.2012 | Еріктілік
«Балаларға көктем шуағын сыйла» республикалық марафоны шеңберінде, жәрмеңке-сату өткізу туралы ақпарат
2012 жылғы сәуірдің 9 бастап 15 дейін өткізілетін «Балаларға көктем шуағын сыйла» республикалық марафоны және «Көктемгі ізгілік аптасы» дәстүрлі еріктілер акциясы шеңберінде, 10 сәуірде балалардың құқықтарын қорғау департаментінің еріктілерімен жәрмеңке-сату өткізілді.


«Мөлдір бұлақтан» отбасылық шығармашылық фестиваліне дайындық бойынша ұйымдастыру комитетінің отырысы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 560 бұйрығымен бекітілген 2012 жылға арналған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жұмыс жоспарының 260 тармағын және 2012 жылға арналған ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының жұмыс жоспарын орындау үшін, 2012 жылғы 15 мамырда Халықаралық Отбасы күніне арналған «Мөлдір бұлақтан» аймақтық отбасылық шығармашылық фестивалін өткізу қарастырылды.


11.04.2012 | Еріктілік
«Балаларға көктем шуағын сыйла» республикалық марафоны шеңберінде «Көктемгі ізгілік аптасы» акциясын өткізу туралы ақпарат
2012 жылғы сәуірдің 9 бастап 15 дейін Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департментімен «Балаларға көктем шуағын сыйла» республикалық марафоны шеңберінде, «Көктемгі ізгілік аптасы» атты дәстүрлі еріктілер акциясы өткізіледі. Іс-шараның мақсаты — еріктілер тәжірибесін жария ету, әлеуметтік практикаға жастарды тарту және әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасында серіктестікті нығайту.


13.04.2012 | Бобек
«Бөбек» республикалық балалар қорының қайырымдылық көмегін үлестіру бойынша комиссия отырысын өткізу туралы Ақпарат
Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 2012 жылғы 12 сәуірде «Бөбек» республикалық балалар қорының қайырымдылық көмегін жоғары оқу орындарында, кәсіптік және техникалық білім бөлімдерінде оқитын жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған интернаттық мекемелерінің түлектеріне үлестіру бойынша комиссияның кезекті отырысы ұйымдастырылып өткізілді.


Петропавл қаласының орта мектепте №32 «Сенің шешімің» балалардың қоғамдық қабылдау бөлмесінің көшпелі отырысы өткізілгені туралы ақпарат
2012 жылғы 10 сәуірге № 32 орта мектепте «Балалардың құқықтарын қорғау саласында Қазақстан Республикасының заңнамалары» тақырыбында балалардың қоғамдық қабылдау бөлмесінің отырысы өткізді. Кездесуге тәрбие жұмысы жөнінде орынбасар, әлеуметтік педагог және кәмелетке толмағандардың істері бойынша инспектор мен 38 адам 9-10 сынып оқушылары қатысты.


Облыстық балалар ауруханасында емделуде жатқан балаларға арналған қайырымдылық акциясын өткізу туралы ақпарат
«Балаларға көктем шуағын сыйла» республикалық марафонын және жыл сайынғы «Көктемгі ізгілік аптасы» акциясын өткізу шеңберінде, балалардың құқықтарын қорғау департаментінің еріктілері ағымдағы жылғы сәуірдің 9 бастап 15 дейін ауыр өмірлік жағдайға тап болған балаларға арналған түрлі іс-шаралар өткізеді. Олар балалардың бос уақытын өткізуді ұйымдастырады және аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына, баспана мен КТБО тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық акцияларын өткізеді.


Сенім телефоны | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті

Қазақстан: 2010 жылғы ЕҚЫҰ төрағасы

Unicef

Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық Үкіметі


Каталог интернет-ресурсов СКО+

© 2007—2012 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті
Сайтты өндеу
Веб-студия IVS