Ең басты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті



қазақша | русский





Рассылка RSS на E-mail

rss2email


» Ең басты » БАҚ-пен байланыс

Балдырғандардың балабақшаға зәрулігі біртіндеп шешімін табуда

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына былтырғы Жолдауында өзінің тапсырмасы бойынша қабылданып, жүзеге асырылып келе жатқан «Балапан» бағдарламасының қол жеткізген игіліктерін айта келіп, «Мектепке дейінгі білім берумен және тәрбиемен қамтылған балалардың үлесі 2015 жылға қарай 74 пайызды, 2020 жылға қарай 100 пайызды құрайтын болады» деп алдағы болашақтың көкжиегін көрсетіп берді. Президентіміз сапалы білім беруді Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне балайтынын осы Жолдаудан аңеаруға болады.

Соған орай Петропавл қалалық оқу бөлімі мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыру әрбір балдырғанның ойдағыдай дамуының қажетті шарты деп біледі. Бүгінгі таңда қалада мектепке дейінгі 45 мекеме, соның ішінде 26 балабақша, 1 мектеп-балабақша, орта мектептер жанындағы 18 шағын орталық жұмыс істейді. Мұның ішінде 5 жекеменшік балабақша мен 1 шағын орталық бар.

2010-2011 жылдары оқу белімі мемлекеттік «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында игі шараларды қолға алды. Бұрнағы жылы 800 орынды іске қосты, «Петушок» балабақшасын 100 орынға кеңейтті, 125 орындық № 26 мектеп-балабақшаны ашты. Тағы да шағын орталықтар қосылды, бұрын жұмыс істеп келгендері 375 орынға кеңейтілді. Жекеменшік білім беру ұйымдары 200 орынға мемлекеттік тапсырыс алды.

Ал өткен жылы 554 орын қосылды. Попов көшесіндегі «Батыр» балабақшасы мемлекетке қайтарылып, ғимараты женделіп, 310 орын берілді. Осы мақсатқа қалалық бюджеттен 18,2 миллион теңге белінді, жабдықтар алуға 14,9 миллион теңге жұмсалып, балабақша өткен жылдың 27 желтоқсанында ашылды.

№ 12 орта мектеп жанындағы шағын орталық кеңейтілді, № 13 (қысқа мерзімдік), № 32 орта мектептерде және № 1 мектеп-интернатта жалпы саны 89 орындық шағын орталықтар ашылды. Қала бюджетінен бұл мақсатқа 11,4 миллион теңге қаржы бөлінді. Жекеменшік білім беру мекемесі — «Ашық аспан» бөбекжай-балабақшасына 95 орын қосылды, «Жасампаздық» мемлекеттік емес әлеуметтік-мәдени білім беру орталығында 60 орындық шағын орталық пайда болды.

Қолға алынған осындай шаралардың нәтижесінде балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 2010 жылғы 59,3 пайыздан 2011 жылғы 64,1 пайызғаартты. Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанының соңына таман Театр кешесі, 50-үйде 84 орындық «Арай» балабақшасы ашылады деп күтілуде. Бұрын ол көппәтерлі үй болатын. Оны балабақшаға лайықтауға қала бюджетінен 42,4 миллион теңге қаржы бөлініп, 8,7 миллион теңгеге жабдықтар алынды.

Ал жалпы алғанда 2011 жылы республикалық бюджеттен 434vорын қаржыландырылды.

Бүгінгі таңда қалалық білім бөлімінде барлығы 9429 бала есепте тұрса, оның 5881-і — 3-тен 6 жас аралығындағылар. Мектепке дейінгі мекемелердегі орын тапшылығы мәселесі күн тәртібінде тұр. Жекеменшікке беріліп кеткендіктен, бұрынғы балабақшаларды босатып, қайтарып алу мүмкін емес. Осыған байланысты мектепке дейінгі нысандарды салу мәселені оңтайлы шешудің жалғыз жолы болып отыр. Сол себепті 2012-2016 жылдар аралығында жобалық қуаты 320 орыннан кем болмайтын 9 мектепке дейінгі мекеме салу қажет. Бұл ретте оқу бөлімі қаланың түрлі аудандарында 3 мектепке дейінгі мекеме құрылысының бюджеттік-инвестициялық жобаларын жасады. Енді құрылыстар салынатын алаңдарды белуге құжаттар даярлануда.

Екі жылда бұрынғы балабақшалар ғимараттарын кері қайтарып алудың оң тәжірибелері жинақталды. «Арай», «Батыр», «Петушок» балабақшалары, № 26 мектепбалабақшасы сияқты төрт мекеме қайтарылып, ғимараттары жөнделді. Соның арқасында 594 бала орналастырылды. Жеке құрылымдардан, банктерден бұрын жекешелендірілген ғимараттарды сатуға ұсыныстар жасалуда. Егер облыстық бюджеттен бұрынғы ғимараттарды сатып алуға қаржы бөлінер болса, балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз ету проблемасы ішінара шешілереді.

СҚМУ иелігіндегі «Ивушка» балабақшасының ғимаратында мектепке дейінгі топтар ашу мәселесі қызметтің осы түрімен айналысу жөнінде кәсіпорынның жарғысына түзетулер енгізуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен келісе алмаудың салдарынан екі жыл бойы шешілмей келеді. Мәселе оң шешілетін болса, 125 орын қолға тиер еді.

Былтырғы жылдың жазында мектепке дейінгі мекемелерге 1110 бала барды. Олардың 300-ден астамы — жеңілдік берілген санаттағы (көпбалалы отбасылардың, әскери қызметкерлердің, мүгедектердің, құқық қорғау органдары қызметшілерінің балалары және қамқорлыққа алынғандар) балдырғандар, 70 пайызы — қүқық қорғау органдары қызметкерлерінің балалары. Оларға Қазақстан Республикасының 2011 жылғы қаңтардағы «Құқық қорғау қызметі туралы» № 380 Заңына сәйкес жеңілдік берілген. Әркім өзінің баласының кезегі жайлы анықтаманы қала әкімінің ресми сайтынан біле алады.

Петропавл қалалық білім бөлімі.

Қызылжар нұры № 4 от 27.01.2012 г.

1.02.2012

Сенім телефоны | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті

Қазақстан: 2010 жылғы ЕҚЫҰ төрағасы

Unicef

Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық Үкіметі


Каталог интернет-ресурсов СКО+

© 2007—2012 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті
Сайтты өндеу
Веб-студия IVS