Ең басты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті



қазақша | русский





Рассылка RSS на E-mail

rss2email


Өзін-өзі тану

«Өзін-өзі тану — өзіңді және басқаларды қабылдау жолы» семинарының жұмысына қатысу туралы ақпарат

«Бөбек» қорының 20-жылдығына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждің оқытушыларымен 17 сәуірде «Өзін-өзі тану — өзіңді және басқаларды қабылдау жолы» семинары өткізілді.


«Бәрі де Махаббаттан бастау алады!» адамның адагершілік-рухани дамуы онкүндігін өткізу туралы ақпарат

Облыста ақпанның 2 бастап 12 дейін «Бәрі де Махаббаттан бастау алады!» адамның адагершілік-рухани дамуы онкүндігі өткізілді. Оның басты мақсаты — балалар мен жасөспірімдердің рухани құндылықтарын қалыптастыру және дамытуға, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеуге ықпал ету. Онкүндік «Өзін-өзі тану» адагершілік-рухани білім бағдарламасын насихаттауға бағытталады.


Солтүстік Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің С.А. Назарбаеваның туған күніне арналған «Бәрі де Махаббаттан бастау алады» атты фестивалін өткізуі туралы ақпарат

Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасымен бірлесіп, 2012 жылғы ақпанның 2 бастап 12 дейін «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім бағдарламасының авторы — С.А. Назарбаеваға арналған онкүндік өткізіледі. Онкүндіктің соңында «Бәрі де Махаббаттан бастау алады» фестивалі өткізілді, оған жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат, жеткіншіктер үйі, балалар ауылы, отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілері, қамқорлық, қорғаншылық, патронаттағы балалар, ата-аналар, ұстаздар қатысты (барлығы 500 астам қатысушы).


«Бәрі де Махаббаттан бастау алады!» адамның адамгершілік-рухани дамуы онкүндігін өткізу туралы ақпарат

«Қуаныш және мейірімділік шеңберімен» Петропавл қаласы № 7 орта мектебінде «Бәрі де Махаббаттан бастау алады!» онкүндігінің кезекті күні басталды. Күні бойы оқушылар мен ұстаздарға арналған адамгершілік-рухани тақырыбында «Сүйіспеншілік сабақтары» видеофильмін көрсету ұйымдастырылды. Іс-шараның барлық қатысушылары балалардың бойында мейірімділік пен сыйластық, сүйіспеншілік, қамқорлық және ізгілік сезімдерін қалыптастыруға бағытталған осындай іс-шаралардың маңызын атап өтті.


Облыстық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат тәрбиеленушілерімен кездесу өткізу туралы ақпарат

Петропавл қаласы № 7 орта мектебінде «Бәрі де Махаббатттан бастау алады!» адамның адамгершілік-рухани дамуы онкүндігін өткізу аясында, облыстық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың тәрбиеленушілерімен кездесу өткізілді. Қонақтарға мектеп ішінде экскурсия өткізілді, олар кітапханаға, шығармашылық жұмыстар көрмесіне, мини-орталыққа, спорт залына барды.


«Ізгілік әлемі» шығармашылық жұмыстар көрмесін өткізу туралы ақпарат

Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани даму бағдарламасының авторына арналған «Ізгілік әлемі» балалар шығармашылық жұмыстарының байқауы өткізілді. «Бәрі де Махаббаттан бастау алады!» адамның адамгершілік-рухани дамуы онкүндігін өткізу шеңберінде, балалар мен жасөспірімдердің облыстық шығармашылық орталығында балалар жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге аппликация, ағаштан ойып жасау, гуашь, киізден басу, скульптура сияқты түрлі техникамен орындалған жұмыстар қойылды, олар мазмұны, көңіл-күйі, материалы бойынша әртүрлі.


Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Калиновка орта мектебінде онкүндікті өткізу туралы ақпарат

Адамгершілік-рухани құндылықтарды қалыптастыру «Өзін-өзі тану» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы және бірқатар іс-шаралар өткізу арқылы іске асырылады. Олардың бірі — «Бәрі де Махаббаттан бастау алады» адамның адамгершілік-рухани дамуы бойынша онкүндік.


«Бәрі де Махаббаттан бастау алады!» адамның адамгершілік-рухани дамуы онкүндігін өткізу бойынша ақпарат

«Бәрі де Махаббаттан бастау алады!» адамның адамгершілік-рухани дамуы онкүндігі облысымызда ақпанның 2 бастап 12 дейін өткізіледі. Онкүндік шеңберінде ұйымдастырылған іс-шаралар балалар мен олардың ата-аналарының қызығушылығын тудырды. Барлық қатысушылар облыстың білім ұйымдарында дәстүрге айналған аталған іс-шаралардың маңызын атап өтті.


Сәлеметсіз бе, қымбатты Сара Алпысқызы!
Мен сіздің балаларға жасап жатқан,қамқорлығыңыз,мейрімділігіңіз бен зор махаббатыңыз үшін алғыс білдіремін.Сіздің игі істеріңіз — үлкен ерлік! Бұндай іс әркімнің қолынан келе бермейді. Сіз жасаған жақсылық,сіздің балаларыңыз бен немерелеріңізге оралсын. Сіз махаббатыңызды балаларға сыйлау үшін жаралған жансыз. Бұл ғажап дүние! Айналаңызға қараңызшы? Қанша адам Сіздің көмегіңіздің арқасында,әрбір атқан күнге риза болып өмір баспалдағынан көтеріңкі көңілмен өтуде. Сіздің «Бөбек» қорыңыз — бұл біздің әрбіріміздің заттық тірегіміз.

Сәлеметсіз бе, қымбатты Сара Алпысқызы!
Сізге өзім және өзімнің достарыма сіз құрған «Бөбек» қоры қандай көмегін тигізетіні жайлы айтқым келеді. Ең алдымен біз интернатта тұрдық, интернатты аяқтағаннан соң «№9 кәсіптік лицей» ММ оқуға түстік. Біздің болашақта кәсіптік лицейден алатын мамандығымыз өте сұранысқа ие. Мен лицейге оқуға түскеніме еш өкінбеймін,менің өмірімнің мақсаты, сіз сиақты бізді қоршаған әлемде мейірімділікті кеңейту.

«Адамның адамгершілік-рухани дамуы мектебі» сабағын өткізу туралы ақпарат

Петропавл қаласы № 21 орта мектебінде Солтүстік Қазақстан біліктілікті арттыру және педагогикалық кадрларды қайта даярлау институты курстарының тыңдаушыларына арналған «Адамның адамгершілік-рухани дамуы мектебі» сабағы өткізілді.


Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында өткізілген «Өзін-өзі тану» пәні ұстаздарының форумы туралы ақпарат

2011 жылғы 17 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Мамлют мектеп гимназиясының базасында «Өз үйінде бақытты болған, бәрінен де бақытты» тақырыбында конференция өткізілді. Іс-шараға балалардың құқықтарын қорғау департаменті, мемлекеттік органдар және ата-аналар жұртшылығы, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ұстаздар қатысты.


«Өз үйінде бақытты болған, бәрінен де бақытты» атты конференциясын өткізуге қатысу туралы ақпарат

2011 жылғы 17 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Мамлют мектеп гимназиясының базасында «Өз үйінде бақытты болған, бәрінен де бақытты» тақырыбында конференция өткізілді. Іс-шараға балалардың құқықтарын қорғау департаменті, мемлекеттік органдар және ата-аналар жұртшылығы, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ұстаздар қатысты.


«Компетентностный подход в изучении предмета ”Самопознание“» әдістемелік құралының тұсаукесеріне қатысу туралы ақпарат

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы № 2 Бескөл орта мектебінде 4-сыныпқа арналған «Компетентностный подход в изучении предмета ”Самопознание“» әдістемелік құралдың тұсаукесері өткізілді. Аталған әдістемелік құралдың авторлары — педагогикалық ғылымдар докторы, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры, кафедра меңгерушісі А.Ж. Мырзалинова және № 2 Бескөл орта мектебінің педагог-психологы Г.М. Ахметова.


Аққайың ауданының «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері семинарының жұмысына қатысу туралы ақпарат

Аққайың ауданы Власовка орта мектебінің «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің «Жеке тұлғаның адамгершілік-рухани дамуына ”Өзін-өзі тану“ пәнінің әсері» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинардың жұмысына балалардың құқықтарын қорғау департаменті, білім бөлімінің мамандары, ауданның басқа мектептерінің «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері қатысты (барлығы 24 қатысушы).


«”Өзін-өзі тану“ пәнін ендіру бойынша білім органдары мен ұйымдарының қызметі» тақырыбында аудандық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері үшін «дөңгелек үстел» отырысын өткізу туралы ақпарат

30 қыркүйекте «”Өзін-өзі тану“ пәнін ендіру бойынша білім органдары мен ұйымдарының қызметі» тақырыбында аудандық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері үшін «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. Іс-шараның мақсаты — білім органдары және ұйымдарымен «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім бағдарламасын ақпараттық қамтамасыз ету мәселелерін қарастыру. Отырыс СҚ БА және ПКҚДИ мен білім органдары өкілдерінің қатысуымен өткізілді.


«Адамгершілік-рухани білім және тәрбие беру процесінде мектеп пен отбасының әрекеттестігі» тақырыбында «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері секциясының жұмысына қатысу туралы ақпарат

12 тамызда «Адамгершілік-рухани білім және тәрбие беру процесінде мектеп пен отбасының әрекеттестігі» тақырыбында «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері секциясының отырысы өтті. Отырысқа «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.


№ 3 Смирнов орта мектебі

№ 3 Смирнов орта мектебі «Жан дүниеңе үңілтетін жаңа пән»


Солтүстік Қазақстан облысында «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай ендіру бойынша әдістемелік көмек көрсету бойынша жұмыс тобының жұмысы туралы ақпарат

«Өзін-өзі тану» пәнін жаппай ендіру бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында, «Бөбек» ҰҒПБСО жұмыс тобы облысымыға келді. Топ мүшелерімен қала және облыстың білім ұйымдарына барылды, білім мекемелерінің басшылары, «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері, ата-аналар жұртшылығымен кездесулер өткізілді.


«Мейірге толы жүрек» фестивалін өткізу туралы ақпарат

2011 жылғы 12 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті білім басқармасының қолдауымен «Бөбек» қорының негізін салушы және Президенті, адамгершілік-рухани құндылықтарды жандандыру бойынша жаңа білім жобасының авторы С.А. Назарбаеваның мерейтойына арналған фестиваль өтті.


Мерекеніз құтты болсын!

Қымбатты Сара Алпысқызы! Әр адам қөзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол — АНА. Қазақстандық барлық балаларға Сіз Ана орнына ана болдыңыз.


Гуманистік тәрбиенің адамгершілік-рухани әлеуеті ретінде «Өзін-өзі тану» тақырыбында семинарға қатысу туралы ақпарат

2010 жылдың 9 желтоқсанында Петропавл қаласы № 7 орта мектебінде «Гуманистік тәрбиенің адамгершілік-рухани әлеуеті ретінде «Өзін-өзі тану» тақырыбында департамент, қалалық білім басқармасының мамандары, аудандық методикалық кабинеттің меңгерушілері, қалалық мектептердің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі директорларын орынбасарларының қатысуымен семинар өткізілді. Семинарға 60 жуық адам қатысты.


«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімі жобасын енгізу туралы ақпараттандыру

Облыстық білім қызметкерлерінің «Қазақстан Республикасы білім жүйесі дамуының қазіргі заманғы стратегиясы: жаңа талаптар мен жаңа мүмкіндіктер» кеңесінде педагог-экспериментаторлар — Ш.Ж. Мұқышева мен Л.А. Майер өз сөздерінде «Өзін-өзі тану» бойынша тәжірибеге қатысып, біз «Өзін-өзі тану» пәнінің білімнің баға жетпес мәнін ашатынына, тұлғаның қабілетін анықтап оны дамытатынына көз жеткізгенін атап өтті. Тамыз кеңесінде ұстаздар Ш.Ж. Мұқышева мен Л.А. Майер «Өзін-өзі тану» — тұлғаның рухани-адамгершілік дамының бір бөлігі» тақырыбында сөз сөйледі.


«Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда «Өзін-өзі тану» пәнінің рөлі мен орны: тәжірибесі және болашағы» республикалық конференциясына қатысу туралы ақпарат

Тамыздың 19-20 күндері Алматы қаласында «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында «Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда «Өзін-өзі тану» пәнінің рөлі мен орны: тәжірибесі және болашағы» республикалық тамыз конференциясы өтті.


13-14 мамырда өткен «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру: эксперименттен жаппай ендіруге» републикалық ғылыми-практикалық семинарға қатысу туралы ақпарат

Семинар Қостанай облысы әкімі орынбасарының сәлемдесу сөздерімен ашылды. Ол облыстың білім беру жүйесіндегі жетістіктер туралы қатысушыларға айтып берді. Рухани-адамгершілік тәрбие потенциалындағы «Өзін-өзі тану» пәнінің рөлін Қазақстан Республикасының білім және ғылымның вице-министрі М.Н. Сарыбеков ашып берді.


«Өзін-өзі тану — бағдарламасы бойынша құжаттауды дайындау реттілігі — атты тақырыппен аудандық «Өзін-өзі тану — пәнін қадағалайтын білім бөлімдерінің мамандарына оқыту семинарын өткізу туралы ақпарат

Жеке адамның адамгершілік-рухани даму мәселелеріне ақпараттық сипаттама беру бойынша шаралар жоспарына сәйкес, Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 2010 жылғы 23 сәуірде сағат 11.00-де «Өзін-өзі тану — бағдарламасы бойынша құжаттауды дайындау реттілігі — атты тақырыпта оқыту семинарын өткізді.


«„Өзін-өзі тану“ пәнін енгізу» атты тақырыпта Жамбыл ауданының білім беру мекемелерінің басшыларымен кездесу өткізу туралы ақпарат

2010 жылғы 21 сәуірде «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу» атты тақырыпта Жамбыл ауданының білім беру мекемелерінің басшыларымен кездесу өткізілді. Кездесуге білім беру мекемелерінің басшылары, психологтар және аудандық 40 мектебі ата-аналар қауымының өкілдері қатысты.


Солтүстік Қазақстан облысында 2010 жылғы наурыз айында адамның адамгершілік — рухани дамуы мәселелері бойынша ақпараттық ағарту жұмыс жоспарын іске асыруда өткізілген іс-шаралар туралы Ақпарат
Солтүстік Қазақстан облысында 2010 жылғы наурыз айында адамның адамгершілік — рухани дамуы мәселелері бойынша ақпараттық ағарту жұмыс жоспарын іске асыруда өткізілген іс-шаралар туралы Ақпарат

Тақырыбы: «Туған жерді сүйемін»
Мақсаты: «Отан», «сүйіспеншілік», «туған жер» құндылықтарының маңыздылығын түсіндіру. Міндеті: Отан, сүйіспеншілік, туған жер туралы түсініктерін кеңейту; туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту; туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

«Өзін-өзі тану» пәнін енгізу бойынша жұмыс кеңесін өткізу туралы ақпарат

«Өзін-өзі тану» пәнін енгізу бойынша жұмыс кеңесі 8 Наурыз қарсаңында өткізілді. Кеңеске мыналар қатысты: департаменттің қызметкерлері және эксперименттік алаңдардың өкілдері. Кеңесте жұмыс сұрақтар талқыланды. Адамның адамгершілік-рухани дамуы мәселелері бойынша медиа-жоспардың орындалуы талдап жасалған, жоспар міндеттерінің орындалуы дәлелдеген.


Облыстық жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатындағы іс-шараға қатысу уралы Ақпарат
Облыстық жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатында музыка және ән пәнінен мұғалімдерге «Өзін-өзі тану» пәнімен біріктірілген мастер-класс өткізілді. Кездесу барысында СҚ ПКБАКДИ мамандары курс тындаушыларына мектеп-интернатында экскурсия өткізіп, «Өзін-өзі тану» пәні кабинетін көрсетті. Мастер-классты музыка және ән пәнінің мұғалімдері өткізді.

2010 жылғы 6-7 ақпанда аймақтық дебат турниры туралы Ақпарат
2010 жылғы  6-7 ақпанда аймақтық дебат турниры туралы Ақпарат 6-7 ақпанда «Мейірімді кубок» дебат турниры өткізілді. Дебат турниріне Қостанай, Рудный, Көкшетау және Қызылжар ауданы, Петропавл қаласы командалары қатысты. Барлығы 26 команда сөз жарысына қатысты, турнир қазақ және орыс тілдерінде өтті. Дебат турнирін Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, «Нұр Отан», «Жас Отан», «Дебаты доброй воли» жарыс сөз клубы үйымдастырды.


Сабақ тақырыбы: Әрбір адамның өзінің атына құқығы бар
Сабақтың мақсаты: Бала құқығы туралы Конвенцияның талаптарына сай әрбір баланың жеке өмірі туылған күнінен бастап мемлекеттің қорғауында және қамқорлығында болады. Бала дүниеге келгеңде оған ең бірінші құжаты «Туу туралы куәлік» беріледі. Бала жеке өмірге, білім алуға, денсаулығы болуға, өзінің атына құқылы және осы құқықтарын толық пайдалануға хақы бар. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу, ой-өрісін кенейту, сөздік қорын молайту, тілін дамыту.

Облыстық жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатында «Мейірімділік және қуаныш шеңбері» іс-шарасына қатысу туралы Ақпарат

Облыстық жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатында «Мейірімділік және қуаныш шеңбері» іс-шарасы өткізілді. Іс-шара үш отбасында «Балағат», «Порфирий Ивановтың сауығу әдістемесі», «Ахуал болу» тақырыптарда өткізілді.


«Өзін-өзі тану» пәні арқылы адамның адамгершілік-рухани дамуы мәселелерін баяндау тақырыбында баспасөз-конференциясын өткізу туралы ақпарат
«Өзін-өзі тану» пәні арқылы адамның адамгершілік-рухани дамуы мәселелерін баяндау тақырыбында баспасөз-конференциясын өткізу туралы ақпарат 2010 жылғы 20 қаңтарда Балалардың құқықтарын қорғау департаменті ақпараттық насихаттау мәселелері бойынша келісілген жоспарына сәйкес С. Мұканов атындағы кітапханасының баспасөз орталығы негізінде «Өзін-өзі тану» пәні арқылы адамның адамгершілік-рухани дамуы мәселелерін баяндау» тақырыбында баспасөз-конференциясын өткізді.


Ата–аналар жиналысының жоспары
Армысыздар құрметті ата-аналар, ұстаздар. Бүгінгі ата-аналар жиналысы өзгеше өткелі отыр. Осы ата-аналар жиналысын мен өзін-өзі тану пәнінің әдіс-тәсілдерін қолданып өткізгелі отырмын. Сіздер білесіздер, бұл пән біздің мектепте 2005 жылдан бастап эксперимент ретінде өтіп жатыр. Идеяның авторы: Қазақстан Республикасының Бірінші ханымы Назарбаева Сара Алпысқызы.

«Өзін-өзі тану» кабинетінің тұсаукесері» байқауының жүлдегерлерін марапаттау туралы ақпарат
«Өзін-өзі тану» кабинетінің тұсаукесері» байқауының жүлдегерлерін марапаттау туралы ақпарат Солтүстік Қазақстан облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Білім басқармасымен бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес «Өзін-өзі тану» кабинеттерінің тұсаукесері» байқауы тәжірибелік алаңдарында өткізілді.


«”Өзін-өзі тану“ кабинеттерінің тұсаукесер» байқауын өткізу туралы ақпарат
Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Білім басқармасымен бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес үстіміздегі жылғы қарашаның 17-і «”Өзін-өзі тану“ кабинеттерінің тұсаукесер» байқауын қалалық мектептердің тәжірибелік алаңдарында өткізді.

22-23 сәуірде аралығынды Қарағанда қаласында «Өзін-өзі тану» бойынша рухани-адамгершілік білім беруді ұйымында ғылыми-әдістемелік бағдар» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді
22-23 сәуірде аралығынды Қарағанда қаласында «Өзін-өзі тану» бойынша рухани-адамгершілік білім беруді ұйымында ғылыми-әдістемелік бағдар» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға, Республикалық Кенесінің өкілдері балалар үйінің директорлары, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша сараптама жасайтын білім беру мекеме ұстаздары, басшылары директорлар, педагогикалық жоғары оқу мекемелерінің басшылары, Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорлары қатысты.

Сабақтың тақырыбы: Менің достарым
Казбекова З.К., 4 сынып. Сабақтың мақсаты: достық туралы түсініктерін кенейту; дос болуды, достарын тани білуге, түсінуге үйрету; достық қарым — қатынас жасауға тәрбиелеу. Әдістер: әңгімелесу, түсіндіру, танымдық ойындар, шығармашылық жұмыс. Қажетті құралдар: оқулық, плакат, гүл, үнтаспа, желім, қайшы, суреттер. Тақтада: «Достық әлемі» сөзі. Сабақ барысы: музыка әуенімен оқушылар сыныпқа кіріп, орындықтарының қасына тұрады.

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша әдістемелік құралдар жүлдегерлерінің тұсаукесеріне қатысу туралы ақпарат
2008 жылғы 9 желтоқсанында балалардың құқтарын қорғау департаментінің адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімі педагог қадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтымен бірлесіп «Өзін-өзі тану» пәні бойынша әдістемелік құралдар байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты: өңірдің білім беру жүйесінде, білім берудің ұлттық жүйесін дамыту стратегиясы, тәрбие мен білім беруді ұйымдастыруға білікті тұрғыда қарау аясында тиімді оқу әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету.

Ұятты бала-Арлы бала
Жакубаева С.Б., 2 сынып. Мақсаты: «Ар» ұғымының адамгершілік құндылық ретінде мәнін ашу. Міндеттері: ұят,ар,намыс туралы түсінік беру; сыпайы қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту; ұяты бар, арлы бала болуға тәрбиелеу.

«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беруді ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік бағыттары
2009 жылғы 22-23 сәуірде Қарағанды қ. базасында болатын «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беруді ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік бағыттары тақырыпта мемлекеттік ғылыми-әдістемелік семинарын тиімді өткізу мақсатында, Қарағанды облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, Қарағанды облыстық МҚҚД және БАИ АБ бастамасымен «Менің оқулығым — менің досым» аймақтық акциясына қатысуды ұсынамыз.

Петропавл қаласының  №7 орта мектебінің педагогикалық кеңесінің қызметінде қатысу
09.01.09 Адамның адамгершілік-рухани даму бөлімінің бастығы «Оқу-тәрбие барысына ”Өзін-өзі тану“ пәнінің интерактивті формаларды интеграциялау» тақырыптағы Петропавл қаласының  №7 орта мектебінің педагогикалық кеңесінің қызметіне қатысты. Қазақстан Республикасының заңдары тәрбиелеу оқытумен қатар білім берудің негізгі сыңары болғаның, тәрбиелеудің негізгі мақсаты азаматтық пен патриотизмді, руханилықты, адамгершілікті тәрбиелеудің болғаның белгілейді.  №7 орта мектебінің — «Өзін-өзі тану» пәнің енгізу бойынша эксперименттік алаңының, педагогикалық ұжымының жұмыс тәжірибесі, бұл бағыттағы мектептің мүмкіншілігін жарық көрсетеді.

«Өзін-өзі тану» пәнінен сабақ
«Өзін-өзі тану» пәнінен сабақ «Арман» бөбекжай-балабақшасы тәрбиеші: Малмасова Қ.А. Сабақтың мақсаты: Балалардың санасында «Азамат», Қазақстандық деген түсініктерді қалыптастыру,баланың жақсы адам болуға деген ынта-ықыласын дамыту. Қазақстанға деген патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, Республикамыздың өткен қазіргі болашақ өміріне қызығушылығын қалыптастыру, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әскердегі борышын өтеуге дағдыландыру.


Қазақстан — ортақ өлкем
Жакубаева Саягүл Бағдатқызы, № 20 мектебі, cынып: 2.

Тілім — менің тірегім
Қазбекова Зәуреш Қабенқызы, № 20 мектебі, cынып: 4 «а».

«Арман» бөбекжай — балабақшасы
Сабақтың тақырыбы:«Балабақша — мейірімділік пен сүйіспнешілік ордасы». Сабақтың мақсаты: Балабақша жайында түсінікті кеңейту, балабақшаға деген құрмет пен махаббат сезімдерін тәрбиелеу; Ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын, құрдастарымен достық қатынас жасауды қалыптастыру.

Сенім телефоны | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті

Қазақстан: 2010 жылғы ЕҚЫҰ төрағасы

Unicef

Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық Үкіметі


Каталог интернет-ресурсов СКО+

© 2007—2012 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті
Сайтты өндеу
Веб-студия IVS