|
» Ең басты » Өзін-өзі тану
Сәлеметсіз бе, қымбатты Сара Алпысқызы!
Мен сіздің балаларға жасап жатқан,қамқорлығыңыз,мейрімділігіңіз бен зор махаббатыңыз үшін алғыс білдіремін.Сіздің игі істеріңіз — үлкен ерлік! Бұндай іс әркімнің қолынан келе бермейді. Сіз жасаған жақсылық,сіздің балаларыңыз бен немерелеріңізге оралсын. Сіз махаббатыңызды балаларға сыйлау үшін жаралған жансыз. Бұл ғажап дүние! Айналаңызға қараңызшы? Қанша адам Сіздің көмегіңіздің арқасында,әрбір атқан күнге риза болып өмір баспалдағынан көтеріңкі көңілмен өтуде. Сіздің «Бөбек» қорыңыз — бұл біздің әрбіріміздің заттық тірегіміз.
«Өзін-өзі тану» сабақтары — әрбіріміздің ұмтылысымыз, күйзеліс пен ұмытылмас әсеріміз. Мен көн нәрселерге басқаша қаратын болдым. Сабақтарда біз өмір құндылықтары,отбасы,өзіне және жақындарына деген сүйіспеншілік, кішіпейілділік пен адамгершілік және көптеген басқа дүниелер жайында сөйлесеміз және де бұл маған өмірде көмектеседі.
Сізді туған күніңізбен құттықтаймын!!! Сізге зор денсаулық, жақсылық, тбасылық береке мен бірлік тілеймін. Сізге және сіздің жақындарыңызға. Сіздің үйіңізге жан тыныштығы, жылулық пен молшылық бола берсін. Қызметіңізде жаңа табыстарға жете беріңіз!
Сізге деген аса құрметпен және игі тілектермен оқушысы Есіл ауданының № 9 Кәсіптік лицейі Батин Руслан
1.02.2012
|