Департамент акциялары
«Түнгі қаладағы балалар» республикалық рейд
Құрметті Солтүстікқазақстандықтар!
Сіздерді Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында өткізілетін, 2012 жылғы 1 мамырдан басталып 10 маусым аралығында жалғасатын «Біз сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» Бүкілқазақстандық акциясына қатысуға шақырамыз. Балалардың проблемаларынан тысқары қалмауларыңызды және көпбалалы, тұрмысы нашар отбасы балаларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, қайырымдылық көмек көрсетуді сұраймыз.
Балмен қамтамасыз ету қайрымдылық акциясы туралы ақпарат
Еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен жыл сайын түберкулезбен және қандағы ақ түйіршіктердің көбеюі себепті болатын аурумен ауыратын балаларды балмен қамтамасыз ету қайрымдылық акциясы өткізілді. 2012 жылғы 18 сәуірде туберкулёзбен ауыратын балалар үшін «Бөбек» қорынан балды салтанатты тапсыру өткізілді.
«Көктемгі ізгілік аптасы» акциясын және «Балаларға көктем шуағын сыйла» республикалық марафонын өткізу шеңберінде, іс-шаралар өткізу туралы ақпарат
9 сәуірден бастап «Дарын» мектеп-лицейінде балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бастамасымен дәстүрлі «Көктемгі ізгілік аптасы» акциясы басталды. Лицейде осы жылы аталған акция «Мейірімділік жасаумен — әлемде жақсы өзгерістер жасайсың» ұранымен өтеді. Апта мектеп фойесінде «Ізгі тілектер» стендін ресімдеуден бастау алды. Аталған іс-шараға сыныптастарына, мұғалімдерге, достарына жақсы тілектерін білдіргісі келген «Дарын» мектеп-лицейінің барлық оқушылары қатысты.
Облыстық балалар ауруханасында емделуде жатқан балаларға арналған қайырымдылық акциясын өткізу туралы ақпарат
«Балаларға көктем шуағын сыйла» республикалық марафонын және жыл сайынғы «Көктемгі ізгілік аптасы» акциясын өткізу шеңберінде, балалардың құқықтарын қорғау департаментінің еріктілері ағымдағы жылғы сәуірдің 9 бастап 15 дейін ауыр өмірлік жағдайға тап болған балаларға арналған түрлі іс-шаралар өткізеді. Олар балалардың бос уақытын өткізуді ұйымдастырады және аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына, баспана мен КТБО тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық акцияларын өткізеді.
«Көктемгі ізгілік аптасы» акциясын өткізудің ережесі
Акцияның мақсаты: Еріктілік идеялары, құндылықтары мен практикасын көпшілікке тарату, еріктілер жұмысына жастарды қатыстыру.
Солтүстік Қазақстан облысында «Сен және сенің құқығың» атты республикалық онкүндік шеңберінде «Құқықтық білім әлеміне саяхат» іс-шарасы туралы Ақпарат
СҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бастамасы бойынша Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында «Жастар ресурстық орталығы» МЕҰ-мен бірлесе «Құқықтық білім әлеміне саяхат» іс-шарасы өткізілді. Бұл іс-шара балалардың құқықтық мәдениетін көтеру және Конвенцияның негізгі жағдайлары туралы балалардың хабардарлық болуы мақсатында өткізілді. Іс-шараға балалардың құқығын қорғау департаменті, МЕҰ өкілдері қатысты. Барлығы 25 адам.
Солтүстік Қазақстан облысында «Сен және сенің құқығың» республикалық онкүндігін өткізу бойынша Ақпарат
Облыста балалар мен олардың ата-аналарының «Бала құқықтары туралы» БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелері жөнінде хабардарлығын және құқықтық мәдени деңгейлерін көтеру мақсатында «Сен және сенің құқығын» атты республикалық онкүндік ағымдағы жылғы 15 ақпанда басталды.
Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған қайырымдылық акцияны өткізу туралы ақпарат
2011 жылғы 29 желтоқсанда ерекше қажеттіліктері бар балалардың мәселелеріне қоғамның назарын аударту, аталған балаларға қайырымдылық көмек көрсету мақсатында, Солтүстік Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті еріктілерімен «Мырзахметов» ЖК бірлесіп, мерекелік қайырымдылық акция өткізілді.
Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған қайырымдылық акцияны өткізу туралы ақпарат
2011 жылғы 26 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Сбербанк» АҚ бірлесіп, ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсету бойынша қайырымдылық акцияны өткізді.
Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
ҚР Тәуелсіздігінің 20 жиылдығына арналған 2011 жылдың 5-31 желтоқсан аралығында өтетін «Балалықты қорғауға 20 қадам» атты қайырымдылық марафонының шеңберінде Жаңа жыл мерекесін тойлауға сіздерді «АСАР» акциясына қатысуға шақырамыз. Жаңа жыл қарсаңында барлық балалар таңғажайып оқиғаларды күтеді.
Солтүстік Қазақстан облысында«Отбасы негізгі қамқоршы» акция өткізу туралы ақпарат
Солтүстік Қазақстан облысында 24-26 қазан аралығында «Отбасы негізгі қамқоршы» атты республикалық акция өткізілді. Акцияның мақсаты — кәмелетке толмағандардың заңды мүдделерін және құқықтарын қорғауды, сондай-ақ ата-аналарының балаларын тәрбиелеу бойынша жауапкершілікті арттыруын қамтамасыз ету.
«Мектепке жол» акциясны қатысу туралы ақпарат
22 тамыз күні Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментпен «Нұр Отан» ХДП бірлесіп, жаңа оқу жылы қарсаңында, «Мектепке жол» акциясының шеңберінде, балалармен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты — аз қамтылған отбасылар балаларының мәселелеріне жұртшылықтың назарын аударту, мұқтаж отбасылар мен балаларға қайырымдылық көмек көрсету.
«Мектепке жол»
Елімізде жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларға қолдау көрсету және жаңа оқу жылының басталуы қарсаңындағы мектепке дайындық кезінде әлеуметтік себептерге байланысты олардың 1 қыркүйекте мектепке бармай қалуының алдын алу мақсатында, 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы өткізіледі. Денсаулығының медициналық көрсеткіштері сәйкес келмеген балалардан басқа, алты (жеті) жасқа толған әрбір бала мектепте білім алуы тиіс.
«Іс-әрекетсіз отырма» акциясы іс-шара ұйымдастырылғаны туралы ақпарат
Жазғы демалыс мерзімінде кәмелетке толмағандар тарапынан құқық бұзұшылықтарды алдын алу және болдырмау, олардың, сондай-ақ, ПО тіркеуінде тұрған және жайсыз отбасында тәрбиеленетін ұйымдастырылған бос уақытпен камту мақсатында 2011.11.07-нен 2011.15.07-сін қоса алған мерзім аралығында мемлекеттік органдары, үкіметтік емес ұйымдарды, қоғамдық және бұқаралық ақпарат құралдарын жұмылдыру арқылы Петропавл қ. аумағында «Іс-әрекетсіз отырма» акциясын өткізу жоспарланып отыр.
Жаңа жыл мерекесіне арналған «АСАР» қайырымдылық акциясының өткізілгені туралы ақпарат
Балалардың құқығын қорғау Департаменті 1 желтоқсаннан бастап 10 қаңтарға дейін Жаңа жылдық мерекеге арналған, аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан шыққан балаларға, жетім және мүгедек балаларға нақты материалдық қолдау жасау мақсатында «АСАР» қайырымдылық акциясын ұйымдастырып өткізді.
Құрметті солтүстік қазақстандықтар!
Жаңа жылды өткізуге арналған 2010 жылғы 1 желтоқсанынан бастап 2011 жылғы 10 қантарына дейін Петропавл қаласында «АСАР» қайырылымдық акциясы өтеді.
Құрметті солтүстік қазақстандықтар!
Сіздерді «АСАР» акциясына қатысып, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қайрымдылық көмек көрсетуді сұраймыз.
«Мектепке жол» Республикалық акциясы шеңберіндегі тұрмысы төмен отбасы балаларына және қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар үшін «АСАР» қайырымдылық акциясын өткізу бойынша ақпарат
Солтүстік Қазақстан облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті 10 тамыздан 1 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» Республикалық акциясы шеңберінде «АСАР» қайырымдылық акциясын өткізеді.
|
|