|
» Ең басты » Басшылардың ресми сөз сөйлеуі
2012 ж. 27 қантардағы «Петропавл қаласы және аудандық білім беру бөлімдеріндегі қамқорлық және қорғаншылық органдарының жұмысы туралы» тақырыбында семинар-кеңесте балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің бастығы Қ.Қ.Жайсенбаеваның сөз сөйлеуі
Құрметті семинар-жиналысының қатысушылары!
Балалардың құқықтарын қорғау департаменті қызметінің маңызды бағыттарының бірі ҚР «Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары туралы» Заңына сәйкесті кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың қадағалауынсыз және қараусыз қалуын ескерту және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу болып табылады. Солтүстік Қазақстан облысында бүгінгі таңда 1973 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар өмір сүреді, оның ішінде: жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мамандандырылған білім беру мекемелерінде 699 бала тәрбиеленуде (12 мекеме), балалар үйінде — 68, балалардың психоневрологиялық интернат-үйінде — 63, қамқорлық, қамқоршылық және патронатта 1143 бала орналасқан. Олардың әрқайсысы өздеріне деген күтім мен көңіл бөлуді талап етеді.
2011 жылы Қиын өмірлік жағдайға тап болған балалармен жүргізілетін жұмыс туралы Есіл және Аққайын аудандарының әкімдігіне қарасты кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау бойынша комиссия, қамқорлық және қамқоршылық органымен, білім беру ұйымдарымен бірігіп іс атқару бойынша жергілікті атқарушы органның билік қызметі департамент қызметкерлермен зерттелді.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған әрбір баланың жеке ісін құру барысында ата-анасына тиісті мүліктің саны туралы тіркеуші органға сұрауларды жолдау бөлігінде Есіл ауданының қамқорлық және қамқоршылық органының жұмысын оң жоспарда белгілеп өту керек.
Әлеуметтік педагогтер, учаскелік инспекторлар, прокуратура, юстиция органдарының өкілдерімен қамқорлық және қамқоршылық органдары тығыз байланыста іс атқарады.
Осы сияқты бұзушылықтарды болдырмау және жою үшін жұмыстағы анықталған жетіспеушіліктерге толығырақ тоқтала кетейін.
Сонымен, қызметті зерттеу барысында келесі ескертпелер анықталды.
1. 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346 қаулысындағы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың орталықтандырылған есебінің ұйым ережесінің 6-тармағына сәйкесті, мәліметтің келіп түскен күнінен бастап бір айдың ішінде қамқорлық және қамқоршылық органы, көрсетілген Ереженің көрсетілген 4 және 5 тармақтарында, баланы отбасына тәрбиелеуге орналастыру асырап алу, қамқорлыққа (қамқоршылыққа) немесе патронат келісімі бойынша және баланы отбасына тәрбиеленуіне орналастыру мүмкін болмаған жағдайда, облыстық білім беру басқармасына осындай бала туралы мәлімет есепке тұру және Қазақстан Республикасында тұрақты өмір сүретін, Қазақстан Республикасының азаматтарының отбасына баланы тәрбиеленуге орналастыруда іске қатысуды көрсету үшін жолданады. Осыған байланысты баланы уақытында орналастырмау бөлігінде бұзушылықтар анықталды.
2. 1999 жылғы 9 қыркүйектегі ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Қамқорлық және қамқоршылық органдары туралы» Ережесінің 19-тармақ 8,9-тармақшаларындағы кәмелетке толмаған ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандардың мүліктерін жіктеу құрылымы бөлігінде қамқорлық және қамқоршылық органдарының талаптары бұзылды, сонымен қатар оларды қорғау бойынша шаралар қолданылмады, оған қорғаушы хаттардың болмау фактілері куәлік етеді. Ата-анасынан қалған мүліктің бар-жоқтығы туралы тіркеуші органға сұраныстар жолданбады.
3. ҚР «Неке және отбасы туралы» Заңының 101-бап 1-тармағының бұзылуында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметті алғаннан кейін үш күн мерзім ішінде қамқорлық және қамқоршылық органы баланың өмір сүру жағдайына зерттеу жүргізбеді.
Жылына екі рет қамқорлық және қамқоршылық органы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өмір сүру жағдайы мен қамтамасыз етілуін зерттеуге міндетті, ал жеке істердің көбінде біріншілік зерттеу актлері жоқ, бірақ мектеппен өткізілген зерттеу актілері болған.
4. ҚР «Неке және отбасы туралы» Заңының 100-бап 2-тармағы мен 19-тармақ 3-тармақшасына сәйкес қамқорлық және қамқоршылық органы асырап алушы және қамқорлыққа алушылардың қызметтерін бақылауға алуға, олардың өз міндеттерін орындауын жылына екі реттен кем емес тексеріп отыруға, сонымен қатар асырап алушыдан асырауындағы баланың денсаулық жағдайы, олардың тәрбие алуы бойынша жұмыстары туралы жыл сайынғы есеп беруін талап етуге міндетті. Асырап алушылардың барлығы есеп берген жоқ. Жылына екі рет жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өмір сүру жағдайы мен қамтамасыз етілуін мектеп емес қамқорлық және қамқоршылық органы зерттеуге міндетті, іс жүзінде жеке істердің барлығында біріншілік зерттеу актлері мен 2011 жылы өткізілген зерттеу актілері болған.
5. Жеке істердің кейбіреулерінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың статустарын растайтын құжаттар болған жоқ. ҚР Азаматтық Кодексінің 28-бап 1-тармағына сәйкес — қызығушы тұлға өтініші бойынша азамат сотпен хабар-ошарсыз кеткен деп танылған бола алады, егер бір жылдың ішінде оның тұрғылықты жерінен ол туралы мәлімет болмаса. Аудандық қамқорлық және қамқоршылық органы ата-анасын хабар-ошарсыз кеткен деп тану бойынша сотқа я АІІБ-не сұраныстармен бармаған.
6. Өз еркімен өзінің балаларын қамтамасыз ету мен тәрбиелеуден бас тартқан ата-аналарға шаралар қолдану бойынша іс жүзінде жұмыс атқарылмайды, бұл ата-аналардан балаларды қамтамасыз ету үшін қаражат алынбайды, соған байланысты білім бөлімінің қамқорлық және қамқоршылық органдарының мамандары ата-ана міндеттерін орындаудан өз еркімен бас тартқан ата-аналарға ықпал етті. Осы себепке қатысты ата-ана құқықғынан айыру туралы талаптар қаралмады.
Бұдан басқа, ата-ана құқығынан айырылған ата-анадан алименттік міндеттерді өтеу бойынша жұмыс жүргізілмеді.
Петропавл қаласы білім бөлімінің қызметіндегі қамқорлық және қамқоршылық органдарының фукнцияларын орындаудағы заңдылықтарды тексеру 2011 жылдың 9-10 маусымында балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандарымен комиссия құрамындағы Петропавл қаласының Прокуратурасымен бірлесе өткізілді.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандардың біріншілік есеп журналын зерттеу барысында, ҚР «Неке және отбасы туралы» Заңының 101-бабына сәйкес ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар біріншілік есепке жеке тұлғалардың мәліметтерінің келіп түсуі бойынша емес, мерзімдердің босатылуымен тұратындықтары анықталды.
Сонымен бірге, ҚР «Неке және отбасы туралы» Заңының 101-бап 1-тармағының бұзылуында осындай мәліметті алғаннан кейін үш күн мерзім ішінде қамқорлық және қамқоршылық органы баланың өмір сүру жағдайына зерттеу жүргізбегені орнатылды.
Таңдалған жеке істерді зерттеу барысында кірістіру, оқушылардың жеке істерін жүйелендіру бойынша бұзушылықтар анықталды, жеке істегі құрылымдық құжаттардың мазмұны мен істерде тізімдер болмады. Бұдан басқа, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың статусын растайтын құжаттар асырап алушылардың істерінде болмағаны орнатылды. ҚР «Неке және отбасы туралы» Заңының 112-бап 5-тармағына сәйкес келмейтін, асырап алушының (қамқоршының) жеке ісінде есептің болмау факті орнатылды.
Ереженің 19-тармақ 3-тармақшасына сәйкес қамқорлық және қамқоршылық органы асырап алушы және қамқорлыққа алушылардың қызметтерін бақылауға алуға, олардың өз міндеттерін орындауын жылына екі реттен кем емес тексеріп отыруға міндетті. Асырап алушылардың барып тұру журналы бар, бірақ оны мектептің әлеуметтік педагогтары жүзеге асырды.
Ата-ана құқығынан айырылған ата-аналарға, өз еркімен өзінің балаларын қамтамасыз ету мен тәрбиелеуден бас тартқан ата-аналарға шаралар қолдану бойынша жұмыс атқарылмады, сонымен қоса ата-аналардан балаларды қамтамасыз ету үшін қаражат өтелмейтіндігі ҚР «Неке және отбасы туралы» Заңының 128-бап 1-тармағының бұзылуы болып табылады.
Асырап алу бойынша құжаттарды тексеру барысында 2011 жылы асырап алушылардың кандидаттарын тіркеу журналында ретке тұру кезектілігінің бұзылуы орнатылды.
2011 жылдың қараша айында жетім және ААҚҚБ есебі бойынша құжаттама, біріншілік есепке жетім және ААҚҚБ тұруы бойынша журналдар, патронаттағы, асырап алуындағы (қамқорындағы) балалардың есеп журналы, жетім және ААҚҚБ арналған интернат мекемелеріне берілген балалардың есеп журналы зерттелді.
Мамлют және Жамбыл аудандарындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың есебі бойынша ұсынылған құжаттаманы оң жоспарда белгілеп өту керек. Балаларды орналастыру мерзімдері сақталып, жолдар тиянақты толтырылған, номенклатуралық нөмірлері бар, нөмірленген, барлық журналдар тігілген.
Петропавл қаласы, Шал ақын, Қызылжар, Тайынша, Есіл және Ғ.Мүсірепов атындағы аудандарда ұсынылған журналдарды зерттеу барысында, ҚР «Неке және отбасы туралы» Заңының 101-бап 3-тармағының, сонымен қатар 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346 қаулысынан ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың есебінің орталықтандырылған ұйым Ережесінің 6-тармағының жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудағы айлық мерзімінің сақталуы бойынша талаптары бұзылған.
М.Жұмабаев, Тимирязев және Аққайың аудандарында орналастыру түрі мен күні туралы мәліметтердің болмау себебі бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мерзімін бақылау мүмкіндігі болмады.
Петропавл қаласы, Аққайың, Ақжар, Айыртау, Шал ақын және М.Жұмабаев аудандарының қамқорлық және қамқоршылық органдары мамандарымен патронаттағы, асырап алуындағы (қамқорындағы) балалардың есеп журналы, балалардың біріншілік есеп журналы және кәмелетке толмаған, жетімдерге арналған интернат мекемелеріне жолданған балалардың есеп журналындағы жолдар толтырылмаған.
Айыртау ауданында асырап алынған балалардың есеп журналы нөмірленбеген, көрсетілген журналда және балалардың біріншілік есеп журналында білім бөлімінің бастығының қолы қойылмаған. Петропавл қаласында осыған ұқсас жағдай.
Журналдарды зерттеу барысында, Ақжар, Аққайың, Есіл, Айыртау аудандарының мамандары ұсынған журналдарда түзетулер мен түзетілген жерлері болды,жазбалардың реттелмегендігі анықталды.
Бөлек бұзушылықтар келесі аудандарда анықталды:
- Есіл ауданының біріншілік есеп журналында бір реттік нөмірде екі бала жазылған;
- 2011 жылы М. Жұмабаев ауданында асырап алуға (қамқорлыққа) 11 бала дайындалды, ал біріншілік есеп журналында бұл балалардың тегі болмаған;
- Аққайың ауданында біріншілік есеп журналында соңғы жазба 2011 жылы 27 тамызда жазылған, бұдан кейін тіркелген балалардың мәліметтері болмаған;
- Айыртау ауданының ҚР азаматтарымен асырап алынған балалардың есеп журналында қамқорлық және қамқоршылық органдарының зерттеу күндері мен нәтижелері туралы жолдары толтырылмаған;
- Айыртау ауданының 2011 жылға асырап алу мен қамқорлыққа алудан бас тартқан жағдайлар есебі журналында бас тарту себептері көрсетілмеген;
- Асырап алушылар мен патронаттық тәрбиешілерге жеке куәлік беруді тіркеу журналында үш адамның орнына төртеуіне берілген;
- Ақжар ауданында 2011 жылға арналған асырап алушылардың кандидаттары журналында қаулылардың нөмірлері жазылмаған;
- Шал ақын ауданында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды интернат мекемелеріне беру журналы болмаған.
Көрсетілген ескертпелерді жою бойынша қамқорлық және қамқоршылық органдары мамандарымен кездесу кестесі департаментпен құрылды, Сіз оны желтоқсан айында алғансыз және сондықтан көрсетілген мерзімде кестені бұзбай келуіңізді сұраймын.
Сонымен бірге, құрметті семинар-жиналысының қатысушылары сіздердің назарларыңызға мынаны ұсынғым келеді:
- қамқорлық және қамқоршылық органдары жетім және ААҚҚБ оқу орындары бойынша ауысуларын қадағалауға міндетті, осы дәрежедегі балалардың отбасына орналасуы үшін туысқандарына іздеу жұмыстарын жүргізуге міндетті;
- жетім және ААҚҚБ арналған интернат мекемелерінің түлектерін туысқандарының отбасыларына анықталуы бойынша сұрақтарды істеп аяқтау. Ата-ана құқығынан айырылған ата-аналардың құқықтарын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізу.
- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы аудандық қамқорлық және қамқоршылық органдарына есеп беруді ұсыну бөлігінде интернат мекемелерінің басшыларымен әрқашан бірлесе іс атқару;
- асырап алушы отбасыларына педагогикалық, құқықтық, психологиялық, әлеуметтік және басқа көмек көрсету мақсатымен барлық аудандар мен қалада асырап алушы ата-аналар мектебінің жұмысын қамтамасыз ету қажет. Ереже, жұмыс жоспарын дайындап шығару және жадынамасына сәйкес департаментке ақпарат ұсыну қажет;
- қиын өмірлік жағдайға тап болған балалармен жұмыс бойынша, патронаттық тәрбиеге, асырап алуға жетім және ААҚҚБ орналастыру бойынша іске қатысу жұмысына учаскелік инспектормен бірге жергілікті атқарушы билік органдарынының жұмысын белсендендіру. Осы санаттағы тұлғаларға қатысты мәселелер мен сұрақтар бойынша бірігіп іс-шаралар өткізу.
Назарларыңызға рахмет!
6.02.2012
|