Әлемге мен қажетпін, маған отбасы қажет
Тахир
Тахирдің есте сақтау қабілеті жақсы дамыған, өте қабілетті, оқу екпіндісі. Сүйіп оқитын пәндері — математика және дене тәрбиесі. Тахир ақкөңіл, ашық, ынталы, ешқашан жабығуды білмейді. Оның достары өте көп, берген уәдесінде тұратын, үлкенге қол ұшын бере білетін, кішіге қамқор бола білетін бала.
Николай
Коля 6 сыныпта оқиды, оқу екпіндісі. Сүйіп оқитын пәндері — математика және дене тәрбиесі, өзін-өзі тану, информатика. Оның басты ерекшелігі сабаққа мұқият қарауы. Коляның есте сақтау қабілеті жақсы дамыған, өте қабілетті.
Фаузия
Фаузия 2010 жылы 24 қыркүйекте біздің балалар үйге келген еді. Осы уақыт ішінде ол өзін тек жақсы жағынан ғана көрсете білді.Оқуға деген құштарлығы байқалып тұрады. Фаузия 2 қазақ сыныбында оқиды. Есте сақтау қабілеті жақсы, мәнерлеп оқуыда жақсы.
Диас
Диас 2010 жылы 5 қазанда біздің балалар үйге келген еді. Диас 10 сыныпта оқиды. Осы уақыт ішінде ол өзін тек жақсы жағынан ғана көрсете білді. Сабақ үлгерімі жақсы, үй жұмыстарын орындау жағынан белсенді. Өзіне ұнайтын пәндері тарих, информатика.
Денис
Денис 2004 жылы келген еді. Осы уақыт ішінде ол өзін тек жақсы жағынан ғана көрсете білді. Оқуға деген құштарлығы байқалып тұрады, оның сабақ үлгерімі де жақсы. Денис белсенді, жауапты, алдына қойған мақсатына жетуге тырысатын, адал, әділ бала. Өзінен кіші балаларға қамқор болып, үлкендерді сыйлай біледі. Мектептегі және жанұядағы ережелерді сақтай біледі.
Николай
Коля өзіне тапсырылған іске жауапкершілікпен қарайды. Өз ойын ашық айта алады. Сабақ үлгерімі «4» және «5», екпінділер қатарында. Мектептегі барлық шараларға, қоғамдық жұмысқа белсене араласады, шахмат және халық аспаптары үйірмесіне қатынасады.
Александр
Сабақ үлгерімі жақсы, білім құмар. Ол кітапты көп оқиды, компьютер жайлы мағлұматы жақсы, «Роботландия» үйірмесіне қатысады. Қоғамдық жұмысқа белсенді араласады. Ол спортты жақсы көреді, сабақтан бос уақытта футбол, баскетбол ойнағанды жақсы көреді, ол мектеп-интернат командасының құрамында. Мектеп аралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болды.
Сергей
Бір жыл бұрын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған біздің балалар үйіне Сергей келіп түсті. Балалар мейірімді және көңілді мінезі, жылдамдығы үшін жақсы көреді. Балалар үйінде өткізілетін спорттық сайыстарға белсене қатысады. Жылжымалы ойындарда әрқашанда көшбасшы болып табылады.
Алмаз
Балалар мейірімді, ақ-көңіл, жайдары мінезі үшін жақсы көреді. Алмаз балалар ұжымына тез арада құйылды, құрбылармен тез тіл табыса алады. Таза ауада жүргенді жақсы көреді, бассейінде шомылуды, қозғалмалы ойындарды жақсы көреді
Өте қозғалмалы бала. Өткізілетін әртүрлі байқауларға, спорттық сайыстарға белсене қатысады, Алмаз өте жақсы сурет салады. Оның жұмыстары ұқыптылықпен ерекшеленеді.
Данил
«Көңілді ноталар» үйірмесіне қатысады. Балалар үйінде өткізілетін әртүрлі іс-шараларға белсене қатысады ән айтады, би билейді, тақпақ оқиды, драматизацияларға қатысады. Данил сияқты өте мейірімді, қайырымды, әрқашанда көмекке даяр бала өсіп жатқанына біз қуаныштымыз. Анастасия деген қарындасы бар.
«Көңілді старт» спорттық шараның өткізілгені туралы ақпарат
2011 жылға арналған әлеуметтік жетімдікті насихаттауына бағытталған, үгіт-насихат жұмыс жоспарына сәйкес, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуын, салауатты өмір салтын насихатау мақсатында, департамент және «АДОН-Север» ҚБ-і бірлесіп 13 шілде күні «Көңілді старт» спорттық шарасын өткізді.
Серик
Балалар оны ақкөңіл, елгезек, ақылды, жақсы тіл табыса білетінін байқап, оны жақсы көріп, өздеріне тарта бастады. Әр адам, бала болсын, ересек адам болсын Серікті жақсы көреді, оған қамқорлық жасайды. Серік осындай мінездерімен айналасындағы қоршаған адамдармен тез тіл табыса біледі, өзінің сыныптастарына сыйлы.
Олег
Ол Олег болатын. Олег балалармен тез тіл табысып кеткеніне қарағанда оған қызықты екенін сездік. Ол келген кезден бастап баскетбол секциясына, информатика үйірмесіне қатыса бастады. Олегтің математикаға деген құштарлығы байқалады, ол берілген тапсырманы оңай, қызығушылықпен орындайды. Оның жақсы көретін пәндері дүниетану, математика. Мектепте ол екпінділер қатарында.
Жетім және ата-анасыз қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бағдарламаның шығуы бойынша жұмыс кеңес өткізілген жайлы ақпарат
Ү.ж. 18 сәуірінде Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуды насихаттауға бағытталған бағдарламаларды шығару бойынша жұмыс кеңесі өткізілді. Департамент директорының орынбасары — Ғ.К. Балтабаева кеңесті ашты және жүргізді.
Елизавета
Бір жыл бұрын біздің жанұямыздың табалдырығына көгілдір көзімен,үлпілдеген ұзын кірпігіме, кішкентай ғажайыпты қыз түсті. Осы «Жылы үіміз» қабырғасында үлкендердің арасында ол нәзік періште секілді болып көрінді. Балалар оны мейірімділік, ізгілік, ашық көңілі үшін жақсы көріп, қамқорлыққа ала бастады.
Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау туралы
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 12 наурыздығы № 253-IV Заңы.
|
|